Тән, бой, дене, сүйек, тұлға

Тәні саудың - жаны сау.

Тәртіп - тән үшін, ынтымақ - жан үшін керек.

Жан тәнге қонақ.

Қылыш тәнді жаралайды,
Өсек жанды жаралайды.

Оның тәніне шайтан кірген.

Адам тәнінің сұлулығы саулығында.

Жанды сауықтырмай, тәнді сауықтырмайды

Бойымдай бой табылса да,
Ойымдай ой табылмас.

Құдай маған түйедей бой бергенше, түймедей ой бер.

Ат алсаң бойы менен басын ал,
Қатын алсаң көзі менен қасын ал.
Мақал-мәтелдер
Толық

Бойды өсіру үшін...

Бойдың өсуі 80-85 пайыз генетикалық факторларға байланысты болса, оған 20 пайыз өзге де факторлар әсер етсе керек. Әрине, әр баланың тұқымына тартары анық, ол өз алдына. Дегенмен, бала бойының өсуінде ағзаға қажетті элементтер мен дене шынықтырудың да орны ерек.
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық