Балабақша сабақ жоспары: Қазақ тілін білемін

Мақсаты: Балалардың қазақ тілі сабағынан игерген білімдерін бекіту. Өзі туралы, өз Отаны туралы әңгімелей білуге баулу. Отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру, мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру. Эмоционалдық көңіл – күйлерін көтеру. Ата - аналарды бала тәрбиесі мен оқыту мәселесіне тарту және оларға балаларының жетістіктерін көріп, өздерінің бала тәрбиелеудегі тәжірибесін байыту.
Қатысушылар: Балалар және ата - аналар
Жүргізуші: Армысыздар, қадірлі қонақтар, балалар! Сіздерді еліміздің Тәуелсіздік күні - мерекесімен құттықтаймыз. Қазақстанымыздың аспаны ашық, халқымыздың еңсесі жоғары болсын деп тілейміз.
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы, кенеле бер!.....
Подробнее