Түлкі мен қоян

Бөлімі: Көркем әдебиет
Мақсаты: ертегінің мазмұнын түсіндіру, ауызекі сөйлеулерін дамыту; сұраққа жауап беру қабілеттерін дамыту; балаларды батырлыққа, өжеттілікке, достыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ертегі ге сай безендіру, қоян, түлкі, сәбіз суреттері.
Сөздік жұмыс: айлакер, қорқақ.
Пән аралық байланыс: ұзын - қысқа. Сенсорика

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ қойғым келіп тұр. Жұмбақтың жауабын суретте көрсетілген. Суреттің көмегі арқылы жұмбақтың жауабын табайық.
Жұмбақ
1. Құйрығымен бұлаңдап,
Қандай аң ол алдайтын?
2. Көзі тостақ, өзі қорқақ.
Балалар жұмбақты тыңдап, жауабын айтады.
- Түлкі.
- Қоян.
Түлкі мен Қоянға сипаттама беру.
- Балалар, түлкіні жыртқыш аң десек, ал қоян жыртқыш аң емес. Қоян – өте қорқақ аң, қоянды үйде де асырауға болады. Қазір осы қоян мен түлкі туралы орыс халқының ертегісімен танысамыз.
Түлкі мен Қоян.
Әуелде түлкінің құйрығы жоқ еді. Қасқырмен тату тұрмаған соң үнемі қашып жүреді екен. Жүрген ізін жасыра алмай қиналыпты. Сол үшін қасқыр түлкінің артынан еріп, аңдып жүріп, оның ініне түсіпті. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық