Сиқырлы сандық

Тақырыбы: «Сиқырлы сандық»
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, пішіндердің түсін түстеп, атауын атап және айырмашылығын ажырата білуге дағдыландыру. Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс - әрекет дағдыларын меңгерту, Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Сандық
Билингвальды сыңары: Түстер - цветы, сары - желтый, қызыл - красный, көк - синни
Заттық дамыту ортасы: сандықша, буратино кілті, қима суреттер, қыстырғыштар, слайд.

Мотивациялық - қозғаушылық:
Шаттық шеңбері
Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта біз,
Жылы сөзді айтамыз.
Сүйеміз барлық әлемді,
Әлемдегі бар елді.
Бақыттымыз осы біз,
Қасымызда досымыз.
- Балалар біздің бүгінгі оқу қызметімізге көптеген қонақтар келіпті, Қанекей бәріміз қонақтармен амандасып алайық «Сәлеметсіздер ме!»

Ұйымдастырушылық - ізденістік:
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (Қазір жылдың көктем мезгілі).
- Көктем мезгілінде неше ай бар? (Көктем мезгілінде үш ай бар: наурыз, сәуір, мамыр).
- Көктемде ауа райында қандай өзгерістер болады? (Күн жылынады, қарлар ериді. Жылы жақтан құстар ұшып келеді, гүлдер гүлдейді, талдар бүршік жарады).
Көркем сөз .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Сиқырлы сандық

Тақырыбы: «Сиқырлы сандық»
Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Әлеуметтік орта».
Оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту, математика, көркем әдебиет.
Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтап бекіту, берілген сұрақтарға ойланып дұрыс жауап беруге дағдыландыру, ойын арқылы ойлау қабілетін, тіл байлығын, танымын дамыту.
Қолданылған құрал жабдықтар: бейнелі суреттер, сандықшалар, көрініске қажетті атрибуттар.

Шаттық шеңбері:
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жарқырайды бақшамыз.
Қайырлы таң қонақтар,
Қайырлы таң балалар!
- Балалар, бүгін бізде ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміз ерекше болмақ. Бір жыл бойы алған білімімізді тиянақтап, қайталап еске түсіреміз.
Слайдтан төрт мезгілдің суреті көрсетіледі.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде неше ай бар? .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық