Жайлауда

Тақырыбы: Жайлауда.
Мақсаты: Жайлау және оның орналасқан жері, ағаш үйдің құрылысымен таныстыру. Сурет бойынша әңгіме құрап өз ойын толық жеткізе білуге, жүйелі әңгімелеуге үйрету. Үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.
Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Дамытушылығы: Оқушыларды білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Ойлау қабілетін арттыру, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелілігі: Туған жердің табиғатының сұлулығын сезінуге, оны аялап қорғауға, адамгершілікке, қамқорлық сезімдерге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Жайлау суреті, киіз үйдің құрылысы, төрт түлік малдың және жабайы жануарлар суреттері, малдан алынатын өнімдер суреті.
Әдісі: Әңгімелеу, ойын, түсіндіру, сұрақ - жауап, жұмбақтар, мадақтау.

1. Ұйымдастыру бөлімі.
- Қане, балалар, апайлармен сәлемдесіп алайық:
Балалар: Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде
Сәлеметсіздер ме!- деп
Сәлемдесіп аламыз.
- Жарайсыңдар балалар. Бәріміз орнымызға отырайық.
Балалар күн жылынып көктем шыққанда малдар қайда шығады?
- Далаға, өріске, жайлауға шығады.
- Көктем шығысымен малдарды жайлауға бағады. Олар жайлауға киіз үй тігеді. Киіз үйдің құрылысына кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық жатады.
- Ал, балалар үй жануарларын маған кім атап береді?
- Түйе, жылқы, қой, сиыр, ешкі т. б.
- Балалар, бізге жайлаудан төрт түлік малдың бірі түйе келіп тұр екен. Бізге әкелген көптеген тапсырмалары бар екен.
1 - тапсырма: Суретке қарап әңгіме құрау, ат қою.(Жайлауда) .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық