АЛТЫН КҮЗ

Дайындаған: Жадыра Манатовна Шарипбекова, Көктөбе ауылы, «Ақбота» бөбектер бақшасы
Қатысушылар:шегіртке-үлкен адам
Құмырсқа-үлкен адам,балалар
Күз ханшайымы-үлкен адам
Жүргізуші:сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар,балалар.Бүгінгі «Алтын күз» мерекесіне қош келіпсіздер!!!
Біздің балаларымыздың мерекеге арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Ортаға:Ақбота,Тамерлан,Сәния,Дана
Ақбота:Алтын нұрдай тамшылап
Жапырақтар төгілді
Біздің өмір таңшуақ
Біздің өмір көңілді
Тамерлан:Алуан-алуан жапырақ
Ой ,алақай тамаша
Шашу шашты жапырақ.
Сәния:Ағаштардан жамырап.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

АЛТЫН КҮЗ

Дайындаған: Жадыра Манатовна Шарипбекова, Көктөбе ауылы, «Ақбота» бөбектер бақшасы
Қатысушылар:шегіртке-үлкен адам.
Құмырсқа-үлкен адам,балалар.
Күз ханшайымы-үлкен адам.
Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, балалар! Бүгінгі «Алтын күз» мерекесіне қош келіпсіздер!!! Біздің балаларымыздың мерекеге арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар. Ортаға Ақбота, Тамерлан, Сәния, Дана шақырылады.
Ақбота:Алтын нұрдай тамшылап,
Жапырақтар төгілді.
Біздің өмір таңшуақ,
Біздің өмір көңілді.
Тамерлан:Алуан-алуан жапырақ,
Ой, алақай, тамаша!
Шашу шашты жапырақ.
Сәния:Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
О, алақай, тамаша!
Шашу шашты жапырақ.
Дана:Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Күн шуақта маужырап,
Жатыр, әне, жапырақ.
Жүргізуші:Балалардың орындауында «Күз жомарт» әнін қабыл алыңыздар.
Ертегі:
Шырылдауық шегіртке,
Ыршып жүріп ән салған.
Көгалды қуып, гөлайттап,
Қызықпен жүріп жазды алған.
Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тоңған, қарны ашқан,
Ойын қайда,ән қайда?
Секіру қайда сүрініп,
Қабағын қайғы жабады.
Сабанда жатып дән жиған.
Құмырсқаны іздеп табады.
Селкілдеп келіп жығылды,
Аяғына бас ұрды.
Шегіртке:Қарағым жылыт, тамақ бер.
Жаз шыққанша асыра.
Құмырсқа:Мұның жаным сөз емес,
Жаз өтерін білмеп п(а) ең?
Жаның үшін еш шаруа.
Ала жаздай қылмап п(а) ең?
Шегіртке:Мен өзіңдей шаруашыл,
Жұмсақ елеу илі ме?
Көгалды қуып ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме?
Құмырсқа: Қайтсің, қолың тимепті.
Өлеңші, әнші, есіл ер.
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де, билей бер!!!
Шегіртке кетіп қалады, оның артынан құмырсқалар барып тамақтарын береді. Шегіртке оларға алғысын білдіріп, ендігіде ондай жалқау болмайтынын айтады.
Тақпақ:Алема, Айгерім, Сандияр.
Алема:Дала сары киінді,
Самал соқты салқындау.
Қырмандарға иілді,
Алтын астық алтын тау. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық