Жабайы аңдар және олардың төлдері

Білімділік: Балаларға жабайы аңдар және олардың төлдерін таныстырып түсінік беру.
Дамытушылық: Түзету жаттығулары арқылы сөйлеу тілін дамыту. Жабайы аңдарды атап, оларды ажырату, сипаттау, төлдерін және азықтарын табу. Есте сақтау, зейін, қабылдауын және ұсақ қол моторикаларын дамыту.
Тәрбиелік: Ауызбіршілікте болу, адамгершілік қасиеттерге баулып, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Амандасу.
- Балалар бүгін бізде АҰОҚ болғалы тұр, оны бастамас бұрын біз артикуляциялық жаттығуларды жасап жіберейік, өйткені жаттығу жасау арқылы тілімізді дұрыс сөйлеуге жаттықтырамыз солай ма?
- Иә
- Айтпақшы балалар тоқтай тұрыңдар жаңа мен келе жатсам алдымда мына бір үлкен хат жатыр екен. Оның ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?
- Иә, білгіміз келеді
- Олай болса хатты ашайын. Ой балалар мұнда хат жатыр ғой қане оқиын!
- Сәлеметсіңдер ме балалар? Біз орман тұрғындарымыз, бізге сендердің көмектерің керек. Жалмауыз кемпір бізді торға қамап қойды, біздің қарнымыз аш, балаларымыз орманда адасып жүрген болар, бізге сендерден басқа көмектесетін ешкім жоқ! Бізге көмектесіңдерші!
- Балалар бұл орман тұрғындары нелер екен? Қане суреттен қарайық. Нелерді көріп тұрмыз? Мынау не?
- Аю, қасқыр, түлкі, тиін, қоян
- Дұрыс ақ балалар бұларды бір сөзбен жабайы аңдар деп атаймыз. Олар орманда мекендейді. Өз азықтарын өздері тауып жейтіндіктен оларды жабайы аңдар деп атайды екен. Ал балалар біздер жабайы аңдарға көмектесеміз бе?.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Түрлі-түсті моншақтарды тізбектеу

Тақырыбы: «Түрлі - түсті моншақтарды тізбектеу»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
II - кіші тобы
Күні:_____________
Тәрбиеші:_____________
Білім беру саласы: «Таным», «Әлеумет», «Шығармашылық»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту. Қоршаған орта. Математика, Қол еңбегі
Тақырыбы:«Түрлі - түсті моншақтарды тізбектеу»
Мақсаты: 1. Білімділік: Ойындар арқылы балалардың білім және білік дағдыларын қалыптастыру. Моншақтарды сыртқы белгілеріне қарай ажыратуға үйрету.
2. Дамытушылық: Ойындар арқылы баланың қызығушылығын туғызу және моншақтардың түсін, көлемін, пішінін тану арқылы ақыл - ой белсенділігін арттыру. Қол мен саусақ ұштарының қимылдарын дамыту.
3. Тәрбиелік: Шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Үш түрлі – қызыл, көк, ақ түсті моншақтар, үш түсте боялған үш түрлі макарон өнімдері, жіптер, қапшықтар, сандықша, қуыршақ. Сөздік жұмысы: үлкен - кіші, түстердің атаулары, пішіндердің атаулары Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, көрсету, ойын, саусақ жаттығулары, салыстыру.
Оқу іс - әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс - әрекеті Балалардың
іс - әрекеті .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ

Тәрбиеші: Гүлсан Науановна Бостанбаева, Абай бөлімшесі, Абай БМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: Алтын күз
Мақсаты: Күзгі табиғат өзгерістерін бақылап, күз байлығын, әсемдікті, сұлулықты сезіне білуге үйрету.
Көрнекілік: Күзгі суреттер, жапырақтар
Жүргізуші:
- Құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар, бүгінгі «Алтын күз» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
(Осы кезде залға Жел жүгіріп келеді.)
Жел:
- Сәлеметсіңдер ме, кішкентай балапандар! Мен күзгі желмін. Сендерге қонаққа келдім, өнерлеріңді тамашалауға. Қанекей, балалар, маған өз өнерлерінді көрсетіндерші!
Жүргізуші:
- Балалар, біз қайда келдік? Желмен бірге біз күзгі орманға келдік. Күзгі орманның жапырағы қандай екен? Қане, қараңдаршы, жапырақтары сары, қызғылт, қызыл түсті. Өте әдемі екен. Солай ма, балалар? Ал орманды бізге кім әдемілеп қойғанын білесіңдер ме?
Балалар:
- Сиқырлы күз әдеміледі.
Жүргізуші:
- Дұрыс балалар. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық