Туған жер

....Осы сөз. Көңіліңді көтеріп, жүрегіңді тебірентіп, өзіңе күш-қуат беретін асыл қазына. Сонау ғарышта жүрсең де, туған жерің әрдайым есіңде болып, топырғын аңсайсың. «Туған жердей жер қайда, туған елдей ел қайда» демей ме кемеңгер халық. Халқымыздың басына түскен нәубет жылдарында «Елім-ай!» деп еңіреп , жүрегі қан жылап, тау асып, тарыдай дүниенің төрт бұрышына шашылған қайран қазағым! Сол кезден қанша су ағып, қанша жыл ауысты. Бірақ «Елім-ау!» деп еңіреп, зар тартқан үн ақын ағаларымыздың қолындағы қалам тартуына себепкер болды да, болып келеді.Туған жеріне деген ыстық сағыныш сезімі, перзенттік ыстық ықыласы, қанына сіңген «балалық борыш» деген терең ұғым – бәрі де талай керемет туындылардың дүниеге келуіне себепкер болды. Тағы бір даналықта «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл » делінген. Өзімнің арғы ата-бабаларым сонау 19 ғасырдың 60-шы жылдарында ақ патшаның отаршылдық саясатының салдарынан көп қиыншылық көріп, бірақ төзімі таусылған кезде Алтай тауларын асып Монголия еліне кетуге мәжбүр болды. Иә, сол кеткен сәтте қандай сезімде болды десеңші! Ата-бабамыздың төл жеріне, туған топырағымен қауышу мүмкіндігі тек бір ғасырдан астам уақыттан кейін әкелерімізге бұйырады. Жат елде жүрген жылдары балаларына өз ана тілін ұмыттырмай, ата салтын, ана сүтін қадірлеуді жас буын ұрпаққа сіңіре білген. Және елге оралған кезде өзімен сақталған бай мәдени қатпардың иегері бола тұрып, оны жергілікті халқының арасында насихаттап, тарата бастады. (Негізі үлгі аларлық жағдай)......
Эсселер
Толық

Туған жер (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ата-анам, ақ батаңды аттап кеттім,
Тентек ел талқысына тастап кеттім.
Болсам да шұбар жылан іштен шыққан,
Қарғамас деген сенім сақтап кеттім.
Қарғама, жалғызыңды-ай!

Туған ел, амандасам жас-кәріңе,....
Өлеңдер
Толық

1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Тұңғыш Президент және менің Отаным)

 Көп жылдар бойы қазақ халқы тәуелсіз ел болуды армандады. Бақытты өмір сүруді қалады. Қазақ халқының бұл арманы 1991 жылы 1 желтоқсанда орындалды. Осы күні Қазақстан республикасының алғаш президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Қазақстан 16 желтоқсан күні өз тәуелсіздігіне ие болды. Бұл Қазақстанның жаңа өмірге басқан үлкен қадамы еді. Ал оның елбасшысы ешқашан берілмейтін, құрметті ұлы тұлға. Осы күнге жетіп отырғанымыздың өзі елбасымыз..... 

Шығармалар
Толық

Туған жер

Отырып-ап, армандаймын, қиялдаймын бір сәтке,
алай қызық, талай ғажап бұл өмірден көрсек те .
Туған өлкем перзентіне бал бақытын сыйлаған,
Мақтанамын қасиетіңді сыйғыза алмай жер-көкке.
Туған жерім, хош иісің жұпар еді, ой неткен!......
Шығармалар
Толық

Туған жер

Туған жер – адам өмірінде ерекше орын алады. Міне сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап – ақ Отанға деген сүйіспеншілік сезім оянады. Отан ошақ басынан басталады, яғни Отан үшін әр отбасы өз үлесін қосу маңызды.......
Шығармалар
Толық

Сырбай Мәуленов (Туған жер)

Торғай бойы, Тосын жері
Бұйра құмның бөктері.
Жаз самалы жан тербетті
Қандай әсем көктемі.
Биік шыңның бауырында
Бұйра толқын бал бұлақ.
Бүгін мені қарсы....
Өлеңдер
Толық

Фариза Оңғарсынова (Туған жердің топырағы)

Көк мөлдір аспанды мекенім!
Көгіңнен сенің қайтқанда қаздар қаңқылдап,
шарқ ұрып іздеп саялы дария, салқын бақ;
көгілдір жанарлы көлдерді аңсаған құстардың
қиқуларынан қалушы ем мен де зар тыңдап.
Жанарымда бір от....
Өлеңдер
Толық