Қазақ әдебиеті | Тойшыбек Қасаболатұлы

Тойшыбек Қасаболатұлы (1783, қазіргі Алматы облысы Жамбыл ауданы Таран а. - 1860, қазіргі Жамбыл облысы Қордай ауданы Қақпатас а.) - би, батыр. ¥лы жүздің дулат тайпасының ботбай руынан. Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына қолдау танытқан. 1849 жылы Алматы қаласына таяу маңда, Ақсай және Қарасу өзендерінің түйіскен тұсында бекініс салдырды. Бекініс қабырғасының ұзындығы 85 м, биікт. 5 м болған. Патшалық Ресейдің Жетісу өңіріне енуіне қарсылық танытып, оған қарсы күресте Қоқан хандығына арқа сүйеді. Осы мақсатта өзінің бекінісінде қоқандық Аққұлы бек басқарған әскери горнизон ұстады. 1850 жылы 19-23 сәуірде Ресей армиясының капитаны Гутковский 2 зеңбірегі бар 300 әскермен Тойшыбек бекінісіне шабуыл жасады. Бірақ Тойшыбек бастаған жасақ Гутковскийдің шабуылына тойтарыс беріп, бекіністі талқандауға жол бермеді. Шабуылда Т-тің жасағынан 200-ден астам адам қаза тапты. Ресей өкіметі Т. .....
Рефераттар
Толық