Сочи Олимпиадасының алауы ғарыштан Жерге оралды

Құрамында Ресей ғарышкері Федор Юрчихин, американдық астронавт Карен Найберг пен итальяндық астронавт Луки Пармитано бар ХҒС экспедициясына қатысушылар Жерге қайтып оралды.

"Союз ТМА-09М" басқарылатын көлік кемесі жоспарланғандай, Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай сағат астана уақыты бойынша 8:49-да қонды. ХҒС-тағы экспедициясын аяқтаған ғарышкерлер Жерге Сочи Олимпиадасының алауын алып келді. Ғарышкерлер мен олимпиада алауының жерге қонуын Ресей тікұшақтары бақылады.

Еске сала кетейік, 9 қараша күні Олимпиада алауы бірінші рет ашық ғарышта болды. Ғарышқа оны Ресей ғарышкерлері Олег Котов пен Сергей Рязанский алып шықты.

Жаңалықтар
Толық