Сипаттау мәтіні және оның құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
Тақырыбы: Сипаттау мәтіні және оның құрылымдық бөліктері
Оқу мақсаты: 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;
3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;
3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
-тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
-тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтайды;
-үлгі бойынша сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады.
Оқушылардың көбі:
-тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
- тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтайды;
-сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
- тыңдаған материалынан тірек сөздерді өз бетінше табады, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;
- сипаттау мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
- сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады және тыныс белгісін қолданады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық