Экономика | Несиелік процесс оның негізгі кезеңдері мен мазмұны

Коммерциялық банктердің экономиканың нақты секторын және де сауда ұйымдарын несиелендіруі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін әрі тиімді, әрі пайдалы.
Біздің еліміздің банктік саласы – жоғары қарқынмен дамып келе жатқан экономикадағы салалардың бірі болып табылады. Банктік жүйе көп функционалды, ол ақша-несие саясатын жүргізеді, тәуекелдерді бағалайды, есеп айырысуларды жүзеге асырады, клиенттерге көптеген дәстүрлі және дәстүрлі емес қызметтерді ұсынады. Соның ішіндегі ең маңыздысы және ең бастысы - халыққа несие ұсыну.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында несие алу деген халықтың ойына кіріп-шықпаған болса, қазір керісінше несиесіз жұмыс жасау қиын. Кез келген кәсіпорын өзінің жұмысын бастау үшін немесе айналым қаражаттарын толықтыру үшін банкке келіп, қорықпастан қарыз алады. Сондықтан несиені ұсынбастан бұрын банк дұрыс стратегия құруы қажет, яғни ол дегеніміз - біріншіден, дұрыс менеджмент; екіншіден, жалпы несие процесін дұрыс ұйымдастыру. Несиені қарыз алушыға ұсынған күннен бастап, сол несиені қайтару күніне дейін бақылау. Яғни, неиселік процесті ұйымдастыруды қарастырып, артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасау. ....
Рефераттар
Толық