Неке негізі

Тарихқа көз жүгіртіп қарасақ, біраз қазақ зиялысы өзге ұлттың қыздарына үйленген. «Неге?» деген сауалға көнекөздерден «ХХ ғасырдың басында қазақ қыздарының арасында білімге, оқуға ден қойғандары аз болды. Сондықтан да қазақ зиялыларының көбі білім-дәрежесі өзіне тең, тіпті өзімен деңгейлес болмаса да хат танып, оқу-сызуды білетін татар, орыс, башқұрт қыздарына қырындап, оның соңы шаңырақ көтеруіне әкеліп соққан» деген жауап аламыз. Өзге ұлттан әйел алған қазақ зиялыларының қатарында Мұхтар Әуезов, Ілияс Жансүгіров, Мұхамеджан Тынышбаевтар бар. Әйтсе де қазақ жігітінің жетегіне ерген өзге ұлт қыздарының ішінде Зейнеп Ахметова, Надежда Лушникова сияқты бүкіл қазақтың келініне, анасына айналғандар бар, бірақ аз екенін мойындауымыз керек. ....
Рефераттар
Толық