Жұмағали Саин (Мойсей)

(Иван Франкодан)

Азаптан, халқым менің, мехнаттан
Күйзеліп, жын соққандай селкілдедің,
Ұялып келешектен, жас ұрпақтан,
Келмейді түні бойы ұйқым менің.

Жазып па өмір бойы маңдайыңа
Көршінің құлақ кесті құлы болу,
Күштінің жүре беру ыңғайына,
Ызаны іште сақтау, азап шегу......
Өлеңдер
Толық