Күркіреп күндей өтті ғой соғыс

Біз соғысты көрген жоқпыз... Алайда тарих қойнауына кеткен сол зұламат жылдар жайлы ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып, жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет еткен, Отан алдындағы борышын адал өткерген майдангерлеріміздің, тыл ардагерлерінің естеліктерінен қанықпыз.

Анасы бауыр еті баласынан, отбасы тірегі мен сүйеніші болған азаматынан айрылған, жас аруды жесір, жас баланы жетім етіп, даланы қанға бөктірген соғыс - Фашистік Германияның, оның басында тұрған Гитлершілердің қанқұйлы әрекетінің жемісі екеніне тарихтан қанықпыз. Жер жаһанды жалмап, "тұлымдыны құл етсем, бұрымдыны күң етсем" деген дұшпанның басты мақсаты орындалмады. Елі үшін аянып қалуды ерлігіне сын, жұрты үшін аянуды жігіттігіне сын деп ұғынар ерлер барда қай дұшпанның болмасын пиғылы орындалмақ та емес еді.

Тумысынан ерлік білекте емес, жүректе екенін ұғынып өскен қазағымның ұл-қыздары да Отан қорғау жолында жан алып, жан берісті. Ықылым заманнан бері ата-бабасының үкілі найзасының ұшымен, жүректен шыққан ерлік ісімен аман сақтап келген туған жерін жау табанына таптатуға олардың намысы жібермеді.Тағдырдың өзі Ұлы Отан соғысының қаһармандарын біздің елімізде туғызып,олардың атағын өзімізде ғана емес, өзге елдерге де шығарғаны - ерлік қазақтың қанына сіңген асыл қасиет екенінің тағы бір дәлелі.Ерлік пен елдікті жырлаған батырлық дастандарды естіп өскен аға буын қазақтың қасиетті ұғымы намысты ту етіп, жауға қарсы тайсалмай ұрыс салды......
Шығармалар
Толық