Жұмағали Саин (Кесте)

Алда ақ бәтес, айшықтаған
Қаста жібек, қолда біз.
Өте сұлу тігіп кесте..
Отыр екен бір жас қыз.
Көргім келіп қыз кестесін
Жақындадым жанына,
Арнап шегіп отыр ма деп
Сәулесіне — жарына.
Жапырағын төгілдіріп
Ою ойып шырматып,
Кімге асығыс тіктің, шырақ,
Тыным таппай, түн қатып?
— Қошқар мүйіз кестем түрін
Қолтырмаштап, мәнерлеп.
Төктім сырлы, сәулетті етіп
Сәнді шимай, сан өрнек.......
Өлеңдер
Толық