Жаужүрек жауынгер

Данагөй халқымыз «Ел басына күн туғанда, ер етігімен су кешеді» деп бекер айтпаған.Елі үшін туған ерлер қалың қазақтың ортасынан оза шығып , отты майдан шебінде қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып өз Отанын қызғыштай қорғай білді. Халқымыздың маңдайына біткен ,елі үшін туып ,елі үшін жанын пида еткен жаужүрек жауынгерлері жетерлік .Осындай қаһарман ұлдардың бірі де бірегейі - Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетов.Оны бүгінгі ұрпақ Ол 1920 жылдың сәуір айының 1- інде (кейбір деректерде 21 ақпанда) Әулиекөл ауданының Қояндыағаш ауылында шаруа отбасында дүние есігін ашқан.Орта жүздің Байғұлақ руынан шыққан.Жастайынан жетімдіктің ащы дәмін татып, ес білген шақтан бастап аяулы апасы Зейнептің қолында тәрбиеленіп өскен.Себебі мына жалған өмірде жанына ең жақыны-ата-анасы - қалың қазақтың көгіне қара бұлт үйірілген ашаршылық жылдарында дүние салған екен.
1937 жылы Қояндыағаш ауылындағы Сұлтан оқыған мектеп төтеден келген тілсіз жаудың кесірінен отқа оранады.Амалдың жоқтығынан бала Сұлтанға ауылынан 7 шақырым шалғай орналасқан Қарақалпақ жеті жылдық мектебінен білім алуға тура келеді . Ең қызығы, болашақ батыр жас күнінен өжет,өршіл, қатал мінезді болған. Бала Сұлтанның мінезінің қиқарқылығы мен қыңырлығы оның 7 сыныпта оқуды еріксіз тастауына себеп болады.Мектептен шыққаннан кейін ,бір айдай оқымаған Сұлтан апасы Зейнепке шаруашылық жағынан көп жәрдемдеседі.Кейін сол жылы арада көп уақыт өтпей-ақ Сұлтанды Әулиекөл орта мектебіне 5 сыныпқа қабылдайды.Аталмыш мектепті ойдағыдай аяқтаған соң , отбасылық жағдайдың қиындығы мен түйткіл тіршілік тауқыметі әрі қарай білім қуып , арман-тілектерін жүзеге асыруға кедергі жасайды.Жасынан еңбекке қатты құштар Сұлтан пошта бөлімшесіне есепші болып ,жұмысқа орналасады. Араға көп уақыт салмай өз қызметін жауапты орындай білгендіктен, оны Құмсу ауылына пошта бөлімінің басшысы етіп тағайындайды.Кейін Әулиекөл ауылына көшіп келеді......
Шығармалар
Толық