Екінші топ элементтерінің қоладанылуы (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық қосылыстарды және құймаларды өндіру
Сабақ тақырыбы: Екінші топ элементтерінің қоладанылуы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.12 сілтілік жер металдарының ең маңызды қосылыстарын қолдануды талап етеді.
Сабақ мақсаттары: - сілтілі жер металдың қосымшалары үшін пирогтық диаграмма салу
- ең маңызды сілтілі жер металдары қосылыстарының қолдану салаларын атаңыз.
- 2 топтағы металдарды қандай қасиеттерге негізделгендігі туралы түсінік.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ел қасиеті-ер қасиеті

Соғыс күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радио телехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізеді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл соғыс кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеге жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне
Бірі күтіп әнекей жағада тұр, -деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыз қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн - Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да ,туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке......
Шығармалар
Толық

Естен кетпес мәңгілік

1941 жылы 22 маусымда фашисттік Германия соғыс жарияламастан жасалған келісімді бұзып КСРО аумағына басып кірді. Германияның билеушілері КСРО–ны көп ұлттың өкілдері бұлар тұрақсыз, бірлігі жоқ ел деп білді. «Ғылыми-зерттеу институты» деп аталған «Арбайтегемайншафт Түркістан» атты жоғары барлау мектебі құрылып, болашақтағы «Үлкен Түркістан» картасын әзірлеген екен. Орта Азия мен Қазақстанды Ұлы Герман империясы үшін қуатты шикізат және азық-түлік базасын құру белгіленген. Гитлершілдердің басты мақсаты Кеңес елін отарға айналдыру, халықты құлдықта ұстап дүниежүзіне үстемдік орнату болған. Мұның барлығын алдын-ала терең ойластырып фашист идеологтары кеңес адамдарын аяусыз қинап – өлтірудің кең көлемді бағдарламасын жасаған. Бірақта КСРО азаматтары бұл жоспарды жүзеге асырмады. Зұлымдық ойдың тас-талқаны шықты.
Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Бүкіл елдің адамдары міндетті әскери даярлықтан өткен. Майданға Қызыл Армия қатарына 1200000 жуық қазақстандық аттанды. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еріктерімен жазыла бастады. Әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды. ......
Шығармалар
Толық