Құқық | Есірткі және құқық бұзушылық

Қазақстанды есірткі жайлап барады. Жыл басынан бері елімізде есірткіге байланысты 6 мың қыл¬мыс тіркеліп, алты айдың ішінде алты тонна есірткі тәркіленді. Құқық қорғау органдары тарапы¬нан бұл жаман көрсеткіш емес, мақтауға тұрарлық. Бірақ осы тонналаған у «Қазақстанды неге айналып өтпейді?» деген сұраққа ешкім жауап бере алмайды.
Есірткі айналымымен бүкіл дүниежүзі күресуде. Күресті қаншама күшейткенмен, жастар арасындағы есірткіге құмарлық жылдан-жылға өсіп, етек жайып барады. БҰҰ-ның наркобизнеске және қылмысқа қарсы күрес басқармасының (UNODCCR) мәліметі бойынша, бүгінгі күні әлемнің әр түпкіріндегі 15 пен 64 жас аралығындағы 200 миллион адам есірткіге тәуелді болып, наркотиксіз өмір сүре алмайтын халге жеткен. Бұл жер бетінде өмір сүріп жатқан халықтың 5 пайызын құрайды. Тәуелсіз сарапшылар¬дың сөзіне сенетін болсақ, Қа¬зақстанда бұл көрсеткіш 1,5 миллион адамды құрайды, яғни республика тұрғындарының 10 пайызы есірткіге бой алдырғандар.
Қазақстандағы заңсыз айна¬лым¬да жүрген есірткілер – апиын, героин, кокаин, синтетикалық наркотиктер жоғары концентра¬ция¬ланған, адам өміріне өте қа¬уіпті, есірткінің «ауыр» түрлеріне жатады. Соңғы бес-алты жылда қазақстандық наркомандар есірт¬кінің ауыр түріне көше бастады. Бұрын каннабис, сатива (ел ау¬зында анаша деп аталады) сияқты есірткінің жеңіл түрін қолданса, енді көбінесе ақыл-есті «өшіріп», басқа дүниеге жетелейтін ханканы қолдануға әуес болыпты. Алматы наркологтарының байқауынша, біздегі наркорыноктағы есірткі айналымының 80 пайызын героин құрайды. Бұл жартылай синтети¬калық наркотик таза апиынға қарағанда, адамды өзіне тез тартып алып, «тұңғиыққа» батырып жібе¬реді. Героинге тәуелді болған адам¬ды емдеп, қалпына келтіру іс жү¬зінде мүмкін емес.
Ресми деректер бойынша, 2000 жылы Қазақстанда 34 мың наша¬қор арнайы тіркеуде болған, ал БҰҰ-ның наркобизнеске және қыл¬мысқа қарсы күрес басқарма¬сының мәліметі бойынша, сол жылдары 250 мың есірткіге тәуелді адам арамызда өмір сүріп жатқан. Қазір бұл көрсеткішті Бас проку¬ратураның Құқықтық статистика және әлеуметтік есепке алу коми¬теті 54 мыңға жеткізіп отыр. Соның ішіндегі 4 мыңы әйелдер, бес мыңға жуығы жасөспірімдер екен. Нарко¬логтардың айтуынша, есірткіге тәуелді нашақорлардың нақты са¬нын шығару үшін, ресми көрсет¬кіш¬терді кемінде 5-6 есеге көбейт¬кен жөн, сонда еліміздегі наша¬қор¬лардың нақты санына жақын¬дауға болады. Біздің елде наша¬қорлықтан жасырын (аноним) ем-делуге болады, сондай-ақ жеке¬мен¬шік емханалар жеткілікті, олар наркомандарды тіркеуге алуға міндетті емес. ....
Рефераттар
Толық