Жұмағали Саин (Есіл)

Жағасы жасыл барқыттай
Жайраңдап Есіл ағады.
Жайраңдап Есіл ағады
Ағысы қайда барады?
Күміс су ерке сәуледей
Күнде сылқ-сылқ күледі.
Күнде сылқ-сылқ күледі
Күнде ойнақшып жүреді.
Жағасы Есіл жапырақ
Жапырақ емес ерім тал.
Жапырақ емес өрім тал
Өрім талда жеміс бар.
Айдынында аққудай
Жүзем күнде келемін.......
Өлеңдер
Толық

Ғафу Қайырбеков (Есіл)

Есіл, сен қиялымсың бала күннен,
Тасығыш мінезіңмен, танабыңмен,
Атынды жарқ-жұрқ еткен естуші едім
Қазақтың қайырып салған бар әнінен.
Ойлаушы ем ару ма, әлде ән бе екен деп ......
Өлеңдер
Толық