Әдебиет | Ертегілер

Ертегілер - халық өмірі, қала берді тек ой жететін, қиял ғана бара алатын өлкелер туралы алғашқы көркем әдебиеттің шағын туындылары.
Ертегі соңы кейіпкерлердің бақытқа, көздеген арманына жол жеткізуімен бітіп отырады. Соның нәтижесінде айтушы да, тыңдаушы да жақсылықтың, бақыттың бар екеніне сеніп, өмірге жігермен қарауға үйренеді.
Ертегілер төмендегідей түрлерге бөлінеді.
1. Қиял-ғажайып ертегілер.
2. Хайуанаттар жайлы ертегілер.
3. Салт (шыншыл) ертегілер.
Қиял-ғажайып ертегілер - адам табиғат сырын әлі анық түсінбей тұрған кезде туған ертегілер. Бұлар ертегілер ішіндегі ең көнесі әрі көбі. Ертегінің осы түрінде табиғаттың, қоршаған ортаның нелер тұңғиық сырлары, соны танымаққа ұмтылған қазақ ойы, білсем танысам деген қазақ арманы, әлемді шарласам, айға жетсем, мұхитты төңкерсем, қу медиен даланы көк жазираға бөлесем деген қазақ қиялы бейнеленген. Сол жолда кездесер жаңалық пен ескіліктің, адалдық пен жауыздықтың, адалдық пен арамдықтың зор арпалысы суреттеледі. Ертегідегі жақсылыққа, не болмаса белгілі бір мұратқа жетсем деген басты кейіпкерге көмектесер Шаңжұқпас. Саққұлақ, Таусоғар, Көлтауысар секілді бейнелер болса, оған қарсы жалмауыз кемпір, жалғыз көзді дәу, дию, жезтырнақ секілді қиялға тән сұмдық құбыжықтар қарсы тұрады. Жамандық пен жақсылық, зұлымдық пен адамдық қарапайым да қым-қиғаш жагдайда күресіп, жақсылық жеңеді.
Қиялға ғажайып ертегілері - оқиға орны және оған қатысушылары, кейіпкерлері де ерекше, уақыт өлшемі басқаша ертегілер. Ертегіде Қыдыр ата, Таусоғар, Желаяқ, Жалмауыз кемпір секілді адам қиялына сыймас кейіпкерлер жер астында, жер бетінде, жеті қат көкте жүреді. Тек қиялға ғана сиятын, ақылмен түсіну қиын оқиғалар жүзеге асып жатады. ....
Рефераттар
Толық