Ернар Айдар (1991 жылы 13 наурыз)

Ернар Айдар – қазақ эстрадасының жас жұлдызы, Өзбекстанның Навои облысында 1991 жылы 13 наурызда дүниеге келген. Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әнші Ернар Айдардың балалық арманы оны биік белестерге жетеледі. Заңгер мамандығына оқуға түссе де, қолы қалт еткен уақытта өнер академиясын жағалап, дыбыс жазу студияларын аралады. Інісінің бойындағы Алла берген талантын ағасы әрі продюсері Талғат Айдар байқап, барынша қолдау көрсетті. Осылайша әнші 22 жасында өнер әлеміне қадам басады.
Ернардың алғашқы әні әкесіне арналған. "Асыл әке" әнін жас талантқа өнердегі ұстазы Қуаныш Құрманбаев ұсынған. Ернар Айдар бұл әнді алғаш рет әкесінің туған күнінде шырқады. Араға біраз уақыт салып, Қуаныш Құрманбаев Ернарды белгілі композитор Бауыржан Есебаевпен таныстырады. Сазгердің "Жарығым-ай" әні жас жұлдыздың бағын ашқан туынды болды. Ән бірден хитке айналып, тыңдармандардың жүрегіне жол тапты. "Күнім, сен сөнбеші" әні де халықтың сүйіп тыңдайтын әндерінің біріне айналды........
Өмірбаяндар (биография)
Толық