Ерлік-ұрпаққа ұран

Отан үшін күрес - елге жасаған үлес
Халық даналығы
Ерлік деген ұғымның қаншалықты қастерлі,қаншалықты қымбат екенін Ұлы Отан соғысында қан кешкен аталарымыздың майдан жорығындағы қаһармандық іс-әрекеттерін естігенде, солар суреттеген оқиғалардың көрінісін соғыс жайлы кинофильмдерден көргенімізде жан дүниеміз шымырлап, тебіреніске түсе отырып сезінеміз. Ұлы Жеңіс күні - бейбітшілікті жанымен қорғаған жаужүрек аға буынның ерлігі мен қаһармандығы алдында бас иіп, тағзым ететін қастерлі күн. Ел еркіндігі үшін қыршын кеткен боздақтардың рухын, майдангерлердің сұрапыл соғыс кезіндегі қайсарлығы мен ерлігін, тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегін халық жадында мәңгі сақтау-біздің басты қасиетті парызымыз.
Ұлы Отан соғысына Оңтүстік Қазақстаннан 140 мыңнан астам адам аттанып, жартысына жуығы елге оралмапты. Жанқиярлық ерлік көрсеткен оңтүстікқазақстандық 51 азаматқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілсе, 8 жерлесіміз "Даңқ" орденінің толық иегері атанды. Бүгінде от пен оқтың арасынан елге оралған соғыс ардагерлері мен тылда тынымсыз тірлік жасаған еңбеккер ардагерлеріміз сиреп бара жатыр. Ел басына күн туған жылдары Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері қазақ халқының өр рухын танытып, азаттыққа деген арманды ақиқатқа айналдырды. Әділдік пен зұлымдықтың арпалысы деп бағаланған сұрапыл соғыстағы ерліктері біз үшін нағыз отансүйгіштіктің теңдессіз үлгісі болып қала бермек.......
Шығармалар
Толық

Ерлік - ұрпаққа ұран, елге – мұра

Ұшқан құстың қанаты талып, шығысынан шыққан күн батысына әзер жететін кең жазиралы даланы мекен еткен қазақ деген іргелі елміз. Ғасырлар бойы осы кең дала төсін тұлпар тұяғымен дүбірлеткен бағы мен соры кезектесе отырып, досқа ақ пейілін, қасқа найзасын,дауға қылышын сілтеген ата-бабамыздың ғұмыр бойы аңсағаны да, тілегені де - еркіндік. Болашақтан үмітін үзбеген аға ұрпақ тағдырлары қаншама рет тағдыр таразысына түсіп,қыл үстінде тұрса да «құт дарып,қыдыр қонған» туған жерді көздің қарашығындай сақтай білді.Теңдік пен татулықты,елдік пен еркіндікті ту етіп ұстаған «бастаса қолдың көсемі,сөйлесе сөздің шешені» болған аталарымыз бен найзаның ұшы,қылыштың қыры,садақтың жебесіне тайсалмай қарсы тұрған аға-апаларымыздың арқасында еліміз «ақ түйенің қарны жарылған » тәуелсіздік таңына жетті.......
Шығармалар
Толық