Геометрияның салу есептері (Геометрия, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шеңбер. Геометриялық салулар
Сабақ тақырыбы: Геометрияның салу есептері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): циркуль мен сызғыштың көмегімен берілген бұрышқа тең бұрышты, бұрыштың биссектрисасын, кесіндіні қақ бөлуді, берілген түзуге перпендикуляр түзу жүргізуді сала алады;
берілген элементтері бойынша үшбұрыштар сала алады
Сабақ мақсаттары: Циркуль мен сызғыштың көмегімен үшбұрыштар мен оның элементтерін салуды үйрену......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Биология | Гормондар тіршілік стимуляторлары

Жоғары сатыдағы жануарлар организмінің миллиардтаған клеткалардан тұратыны белгілі және олар бәрі 6ip-6ipiмeн тығыз байланысқан. Осыншама көп клеткалар өзара үйлесімді әрекет жасайды, сондықтан да ол тipi организм денесі біртұтас болып табылады. Клеткалардың үйлесімді әрекетін нерв жүйесінде және эндокрин бездерінде жасалатын заттар реттеп отырады. Нерв жүйесі нейрондардан, нерв клеткаларынан турады, оларда нейромедиатор заты түзіледі, нерв жүйесінде қоздыру, хабар беру осылар арқылы іске асады. Нерв жүйесі арқылы хабар беру өте тез — миллисекунд ішінде беріледі. Нерв клеткалары бірімен-6ipi өзара тікелей байланысқан. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Гендік терапияның классификациясы

Ұзақ уақыт бойы медициналық генетика адамдағы тұқым қуалайтын аурулардың генетикалық негізін анықтаумен айналысты. Жаңа туған нәрестелердің және ұрықтың мұндай ауруларын анықтау үшін диагностикалық тесттер құрастырылды және осы тесттердің нәтижесі бойынша мұндай ауруларға шалдығу мүмкіндігі көп отбасыларда генетикалық сұхбаттар жүргізілді. Бұл сұхбат бойынша отбасыларға кейін олардың ұрпақтарында осы аурулар көрініс беруі мүмкін екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар бұл адамдарға кей жағдайда медициналық терапия, қан ауыстыру, диета ұстау сияқты алдын алу шаралары арқылы ауруды жеңілдету мүмкіндіктері болды.
Организімнің қалыпты жұмысын өзара байланысқан көтеген гендер қамтамасыз етеді, және олардың біреуінің өзіндегі мутацияның соңы әртүрлі болады. Сонымен, бірге ферменттің активтілігінің өзгеруі нәтижесінде клетканың қалыпты дамуы үшін қажетті таксинді субстраттың мөлшерден артық болып кетуі, қосылыс тапшылығы-мутация д.а. Сонымен қатар бір ұлпадағы геннің мутациясы басқа бір ұлпа үшін қауіп төндіруі мүмкін. Мысалы: фенилаланнің түсінуге айналуын тоқтататын бауыр ферменті фенилаланиндегидроксиларның гендік мутациясы нерв жүйесіне кері әсер етеді (ақыл-ес жетілмей қалады). Бұл туа пайда болатын ауру-фенилкетанурия еврейлерде 10000-ның бірінде кездеседі. Сонымен қатар бүкіл организмді қамтып алатын мутация да болады: бұлшықет, көз, бауыр, сүйек, бүйрек, жүрек, нерв жүйесі, тері, ми, асқазан, қан айналу жүйесі. Нәрестелерде қанның биохимиялық спецификалық анализін жасау арқылы анықталатын фенилкетонурия ауруына қарсы аланинсіз диетаны қолданады. Белгілі бір белоктың ауытқуы нәтижесінде пайда болған ауруларды жеңілдету үшін осы белоктың функциональды түрін (иммундық жауап туғызбайтын) тамыр арқылы енгізеді. Мұндай «орынбасу» терапиясын немунотапшылық туғызған гемофилия (SCID – ағыми. server combined inmunodeficiency) және Гош ауруларын емдеуде қолданады. Ал кейде сүйек кенігінің және басқа мүшелердің трансылантациясы қолданылады.Өкінішке орай мұндай күрделі емдеулер адамның тек басқа шығар жолы жоқ жағдайында ғана жүргізіледі және адамның өмірі тек біраз уақытқа ғана созылады. Және мұндай адамдардың азы ғана қартайып өледі және балалы бола алады. Көп жағдайда емдеуді бірталай рет қайталауға тура келеді, ол қымбатқа түседі әрі ұзақ, сондықтан да терапияның жаңа түрлерін ойлап табу қажет.....
Рефераттар
Толық

География | Географияны оқыту

Жер бетін шартты түрде бейнелеп көрсететін картаның географияны оқытуда теңдесі жоқ. Бірақ, географиялық карта «тіршілік бояуы жоқ құр схеманы, сүлдені ғана береді. Географиялық картина көру образын береді. Ол карта мен географиялық сипаттауды толықтырады.Географияның обьектілері тым зор (таулар,шөлдер,ауыл шаруашылық жерлер).Оларды табиғи түріндекөрсету қиын.Оның үстіне мектеп маңынан олардың барлығы табыла да қоймауы мүмкін. Мысалы, Орск облысындағы жэне көптеген басқа аудандарға оқушыларға өздері туған тауларын көре алмайды. Мұнда география мұғаліміне картина зор көмек көрсетеді.
Картинаның көрнекі құрал ретінде маңызы табиғи және экономикалық обьектілер мен құбылыстарды болмыс ретінде тікелей бақылағаннан әрине кейін болады.
Географияның қабырға картиналарының барлығы да қандай да бір дәрежеде болмасын синтетикалық келеді ландшафт жөнінде немесе білігі бір географиялық құбылыс жөнінде тұтас ұғым береді. Кабырға картиналары бойынша оқушылардың обьектілермен құбылыстардың детальдарын ұғып алу қиынырақ болатындығын бақылаулар көрсетіп отыр, сондықтан ол қабырға картиналарындағы бейнелеулердің жеке детальдарын көрсететін басқа көрнекі құралдармен (чертеждер, кеппешөптердің,топырақ коллекцияларының экспонаттарын, диапозивтерді жэне т.с.с.)толықтыруды қажет етеді.
Қабырға картиналарын мектеп географиясының барлық курстарында қолдануға болады. Қазіргі уақытта бізде жалпы физикалық география және 7-сынып үшін қабырға картиналарын жасау, сондай-ақ Қазақстанның және шетелдердің экономикалық географиялары бойынша картиналар жасау таяуда жүзеге асырылмақ,сол арқылы оқушылардың политехникалық ойлау өрісін кеңейтуге мүмкіндік жасайды....
Курстық жұмыстар
Толық