Тарих | Бірінші дүниежүзілік соғыс

Жаңа индустриалдық кезең. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы онжылдық – Еуропа мемлекеттері мен Америка елдері үшін әлеуметтік – экономикалық және саяси – қоғамдық өзгерістерге толы кезең болды.
Өнеркәсіп – экономиканың жетекші саласына айналды. Индустрияландырудың негізі болып саналатын ауыр өнеркәсіп жедел дамып, көмір,темір,түсті металл ,мұнай және мұнай өнімдерін өндіру мейлінше артты. Өнеркәсіптің дамуы көлік саласының рөлін арттырып, ірі темір жол магистральдарын және тас жол салу ісі жалғасын тапты. Көліктік техника мен жаңадан салынған жолдар капиталистік индустрияландырудың құрамды бөлігіне айналды. Өнеркәсіп орындарында өнім сапасын арттыру мақсатымен жаңа технологиялар енгізіле бастады.
Жаңа технология мен техника , қоғам дамуының дем беруші күшіне айналды. ХХ ғасырдың басында Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Франция, Бельгия елдері жаңа технологияны пайдалануда алдыңғы қатарға көтерілді. Шветция ,Италия, Ресей, Австро-Венгрия, Канада, Жапония мемлекеттері индустрияландыруды жеделдету жолына түсті.
Ал Азия, Африка және Латын Америкасының көптеген елдерінде индутрияландыру тіптен басталған жоқ болатын.
Еуропа мемлекеттерінің саяси құрылысы. Еуропа елдерінің мемлекеттік және қоғамдық құрылысында маңызды өзгерістер болды. Батыс Еуропа елдерінде басқарудың екі негізгі формасы - монархия және республика қалыптасты.
Монархия басқару формасы ретінде, мемлекет басында монархтың тұруымен сипатталды. Ол қайсыбір биліктен, органнан немесе саилаушылардан тәуелсіз билікті қолына алды. Монарх – мұрагер мемлекет басшысы болып табылды. Ол өзінің бұл қызметін өмір бойы атқарады, тек өмірден өтерінде ғана оны мұрагерінің қолына өткізеді. Тарихта монархияның екі негізгі түрі – абсолюттік және конститутциялық формалары белгілі.
Абсолюттік монархия – монарх билігінің , оның құзырының шексіздігін білдіреді. Биліктің мұндай түрі Ресейде,Австро-Венгрия мен Германияда болды.
Конституциялық монархияның айырмашылығы сол,мұнда мемлекет билеушісінің:монарх,король,император,хан,сұлтан билігі шектеулі.Мемлекеттегі жоғарғы билік мұндай жағдайда екі субьектіге тиесілі болады-монархқа және қандай да бір басқа сайланушы органға (парламентке, кеңеске). ХХ ғасырдың басында парламенттік монархия Ұлыбританияда, Норвегияда, Шведцияда, Бельгияда, Нидерландыда орнықты. ....
Рефераттар
Толық