География | Биосфера туралы жалпы түсінік

.Биосфера ұғымы - ғылымға кездейсоқ берілген. 100 жылдан астам уақыт бұрын, 1875 ж Австриялық биолог Эдуард өзінің Альпі тауларының шығу тарихы туралы кітабының ең жалпылама тарауында жер шарының әр түрлі қабаттарының жолында баяндаған кезде осы терминді алғаш рет қолданды. Бірақ бұл үстіртін айтылған сөз ғылыми ойдың дамуында айтарлықтай роль атқара алған жоқ. 1926 жылы орыс минералогы Вернадскийдің екінші лекциясы жарыққа шықты. Сол лекцияда ол Зюзстың еңбегінен кейін 50 жылдан соң біз осы күнге шейін мойындап жүрген биосфера концепциясын тұжырымдады. Биосфера ретінде Вернадский жер қыртысының бүкіл геологиялық тарихы бойында тірі организмдер әсеріне ұшыраған барлық қабаттарды түсіндірді.
Соңғы жылдары көптеген ғалымдардың (Д.Ж. Катин және т.б.) биосфера жер бетінің қазіргі кездегі организмдердің тіршілігінің ықпалындағы бөлігі ретінде қарастырылып, биосфера ұғымын таратып жүр. Көптеген ғылыми терминдер әртүрлі жағдайлар бірде кеңірек, бірде тарылу мағынасында қолданып жүр....
Рефераттар
Толық

География | Биосфера және оның ресурстары

Күн системасының (жүйесінің) ерекше планетасы Жердің су (гидросфера), жер (литосфера) және ауа (атмосфера) сияқты бөлімдері бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын жұқа қабатында тірі ағзалар мекендейді. Бұл қабат биосфера (грекше биос — тіршілік, сфера - шар) деп аталады.
Биосфера (В.И.Вернадский бойынша) — тіршілік бар немесе қандай да бір кезеңде тіршілік болған және үнемі тірі ағзалардың әсер етуіне ұшырайтын немесе ұшыраған планета аймағы.
Бірінші рет «Биосфера» түсінігі ұлы француз натуралисті Жан Батиста Ламарктің (1744-1829) жұмыстарында кездессді. Биосфераны тіршілік иелерінің мекен ету сферасы немесе тіршілік орын алған сфера ретінде түсінуді 1875 жылы австриялық ғалым Э.Зюсс ұсынды, бірақ бұл түсінік кейін ұмытылып кетті. Биосфера туралы жалпы ілімді жасаған (тарихта үшінші рет) белгілі орыс (совет) геолог-ғалымы В.И.Вернадский (1863-1945) болды. Ілімнің негіздері оның «Биосфсра» кітабында (1926) баяндалған.
В.И.Вернадский планеталық тірі заттардың планетаның бет-әлпетін өзгертуге және оның дамуына қолайлы экожүйелерді қалыыптастыруға қабілетті аса қуатты геологиялық фактор екенін дәлелдеді. В.И.Вернадский бойынша тірі заттар күн энергиясын қабылдай алады және ыдырауы ксзінде химиялық жәнс физикалық жұмысқа жұмсалатын энергия бөліп шығаратын химиялық қосылыстарды жасайды. ....
Рефераттар
Толық