Бет терісін ылғалдандыратын маскалар

Адам ағзасының көп бөлігі судан тұрады. Су ағзаның әрбір жасушасын қандырып, саулығы мен әдемілігіне ықпал етеді. Сол себепті ылғалдылықтың табиғи балансын сақтауға үйде жасалатын ылғалдандырғыш маскалар көмекке келеді.

✅ Құрғақ теріге арналған маскалар
Құрғақ теріге арналған, ылғалдандыратын, ең оңай жасалатын маска бір үлкен қасық бал, өсімдік майы мен бір жұмыртқаның сарысынан тұрады. Бұл маска сонымен қатар теріні қоректендіреді. Масканы бетте кемінде 15-20 минут ұстап, жылы сумен жуып тастаңыз. ......
Кеңестер
Толық

Бет терісіне арналған табиғи нәрселер

Қарапайым ингредиенттердің өзі тері күтіміне арналған косметикалық құралдың (скраб) құрауыштары бола алады. Бет терісін таза әрі балғын ететін табиғи өнімдерді ұсынамыз.

1. Ас содасы теріні терең тазартып, безеу шығуға себеп болатын бактерияларды өлтіреді. Ол үшін аздап ас содасын алып, оған қоймалжың болатындай етіп су құйыңыз. Пайда болған қоспаны бет терісіне жағып, саусақтарыңызбен уқалаңыз. Бірнеше минуттан соң суықтау сумен шайып тастаңыз.

2. Бал мен аздап тұзды араластырыңыз. Егер теріні терең тазарту керек болса, тұз мөлшерін көбірек алыңыз. Қоспаны бетіңізде бірнеше минут ұстап, жылы сумен шайып тастаңыз.......
Кеңестер
Толық