Өмірбаян: Бауыржан Исламхан

Өмірбаян: Бауыржан Исламхан

Бауыржан Исламхан – «Қайрат» футбол командасы мен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы.
Небәрі 24 жасында Қазақстанның футбол тарихында үлкен жетістіктерге жеткен Бауыржан Исламхан 2016 жылғы Қазақстан чемпионатының үздік футболшысы атанды. Бауыржан тіпті жасы әлі жиырмаға да ілікпей тұрғанда ұлттық құрамаға шақырылып, жастар құрамасы сапында «Достастық кубогінің үздік ойыншысы» атанған еді.

Бауыржан 1993 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданында дүниеге келген. Футболмен он жасынан бері ай налысады. «Тараз» сапындағы алғашқы маусымында – 27 ойын өткізіп, 2 гол соққан.

«Қайрат» футбол командасы мен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан кәсіпқой футболшы ретіндегі мансабын «Тараз» футбол клубында бастаған. «Қайрат» сапында еліміздің екі дүркін күміс жүлдегері атанған жамбылдық жампоз Еуропа лигасында да жасындай жарқырай білді....
Подробнее