Қазақ әдебиеті | Байзақ Мәмбетұлы, Байзақ датқа

Байзақ Мәмбетұлы, Байзақ датқа (1789, Тараз — 1864, Шымкент) — Қазақстанның оңтүстік өңірінде Қоқан хандығына және Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күресті ұйымдастырушы батыр, Тараз аймағында елді отырықшыландыруға көп күш жұмсаған. Шыққан тегі: Ұлы жүз құрамындағы Дулат тайпасы, Шымыр руынан. Одан Бекболат, Жиенбет, Сәмбет, Мәмбет тарайды. Мәмбеттен Байзақ туған. Байзақ жасынан атбегі, құсбегі, мергендікті меңгерген. Шешен, билер, ел басқарған беделді кісілердің жанында жүрген. Өсе келе ауыл ағасы, жүзбасы, мыңбасы болған. Елді кәсіппен айналысуға отырықшылыққа арық қаздырып, егіншілік ұйымдастырған.[1] Байзақ Мәмбетұлы туған өлкесі Қоқан хандығына да, Ресейге де қарамай тұрған тәуелсіз кезде ер жетіп, ел басшысы ретінде қалыптасқан. Оңтүстік өңірді Қоқан хандығы басып алғаннан кейін, ағасы Байтерекпен бірге сұлтан Рүстем Асфендиярұлы бастаған көтеріліске (1821) қатынасады. Көтерілісшілер қатты жазаланса да, Байзақ Мәмбетұлы беделді адам ретінде, өз руластарына датқа болып тағайындалады. Байзақ Мәмбетұлы датқа Қоқан отаршыларының айтқанына .....
Рефераттар
Толық