Ақ бүркей салған қаралы әйелдің күйеуін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ақ бүркей салдым басыма,
Жер ортаға келген шағымда.
Басымнан бағым тайғаны,
Жаратқан Алла осы ма?!
Арман да арман арманның,
Ақ бүркей басқа салғаным.
Тасып тұрған көңілім,
Жасып бір шіркін қалғаның.
Опасыз дүние жалған-ай,
Ақ бүркей басқа салған-ай!
Салмасқа бар ма амалым,
Шырағым сынып қалған-ай!
Құдірет басқа салған соң,
Басымнан бақты алған соң.
Амалым бар ма көнбеске,
Ақылшым сенен қалған соң?!
Ақ бүркей салып жылайын,
Жылатқан соң құдайым. ....
Өлеңдер
Толық

Ақ жейдедегі тердің дағын кетіру жолы

✅ Ақ жейденің көбіне қолтық тұсында сары дақ қалады. Әрине тердің ізі. Ол дақты қолмен жусаңыз да, кір жуатын машинамен жусаңыз да, орны қалып қояды.

✅ Сары дақты кетірудің жолы бар. Сізге керек бір-ақ нәрсе, ол – аспирин (ацетилсалициловая кислота).

✅ Екі таблетка аспиринді ұқыппен майдалаңыз. Ыдысқа (үлкен ыдыс емес, шағын ыдыс таңдағаныңыз дұрыс, өйткені, жарты стақан суды таппай қалуыңыз мүмкін) майдаланған аспирин мен кір жуу ұнтағын салып, үстіне жарты стақан жылы су құйыңыз. Қоспаны жақсылап араластырып, ақ жейдеңіздің дақ тиген жерін сол қоспаға малып алып, ысқылаңыз.

✅ Әбден ысқылап болғаннан кейін осы сұйықтық ішінде жейденің дақ тиген жерін 1-2 сағатқа қалдыра тұрыңыз. Уақыт өткен соң жейдені қарапайым кір жуу әдісімен жуып аласыз.

✅ Ақ жейдедегі тердің дағын кетіру жолы

✅ Нәтижесі сізді қуантады: дақтар «өзінен-өзі» жоқ боп кетеді.......
Кеңестер
Толық