Тарих | Андронов мәдениеті

Ежелгі егіншілер мен бақташылар.
Адамның егіншілік машығын игеру процесі, жабайы дәндерді, жеміс пен жидектерді жинап-теруден оны өсіруге көшуі сан мыңдаңан жылдарға созылды. Ғалымдар мәдени дақылдарды өсіріп жетілдірген кезең б.з. дейінгі VIII-VII мыңжылдықтар деп шамалайды және ол бәрінен бұрын Кіші Азияның таулы аудандарында пайда болса керек. Б.з. дейінгі VI-V мыңжыл егіншілік әуелі Түркменстанның оңтүстігіне, Копетдаг алқабына жетіп, сосын Орта Азияга тарайды. Қазақстанның таулы және далалы аудандарына қола ғасырында б. з. дейінгі III мыңжылдық аяғында келеді.
Егіншілік пен бірге малшаруашылығы да пайда болады. Ғалымдар әуелі пайда болған егіншілік пе, әлде малшаруашылығы ма? — деген сауал жөнінде ұзақ дауласады. Адамның соның екеуін де бір мезгілде қатар игергені қәзір айдан анық. Егіншілік топырағы құнарлы, суы жеткілікті жерде дамыған. Ал, құнары аз, қуаңшылығы басым аудандарда малшаруашылығы өркендейді. Сулы-нулы жерлерде мал шаруашылығы егіншілікпен қабаттаса қанат жаяды.
Б.з. дейінгі II мынжылдықтың бірінші ширегі біткен кезде евразия даласында қоланы ойлап шығарады. Ежелгі адамдар жезге қалайыны қосу арқылы металл бұйымдардың беріктігін күшейтеді. Қоладан ұңғылы балталар мен сүңгілер жасауды үйренеді. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар қола ғасырында андроновтық археологиялық мәдениетке жататын жәдігерлер (мекендер, қорымдар, рудниктер, тастағы суреттер) қалдырған. (Ал ескі мола ең әуелі Андроново селосы жанынан — Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы іргесінде қазылып табылғандықтан, шартты түрде осылай аталып кеткен). Coл жердегі қазу жұмыстарын 1913 жылы Б.В.Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мәдениетінің ескерткіштері — шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі — орасан зор территорияға тарағанын анықтады.....
Рефераттар
Толық