Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)

Қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, жаңашыл педагог, жазушы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин Қостанай облысының Затобол ауданында туған. Әкесі Алтынсары ерте өлген. Ыбырай атасы Балқожа бидің тәрбиесінде болған. Атасы Ыбырайды Орынборда ашылмақ орыс-қазақ мектебіне жаздырып қойыпты. 1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ баласының бірі – Ыбырай болған.

Патша үкіметінің көздегені осындай мектептер арқылы жергілікті әкімшілік орындарға қазақтың өзінен миссионер қызметкерлер әзірлеу еді. Сондықтан оқушылар патшаның отаршылдық саясаты рухында тәрбиеленуге тиіс болды. Бірақ жасынан-ақ зерек Алтынсарин бұл мектептің оқу жүйусіне қанағаттанбайды, дүние жүзі әдебиеті классиктерінің – В.Шекспирдің, И.Гетенің, Д.Байронның, А.Пушкиннің, Н.Гогольдің, М.Лермоновтің, И.Крыловтың, Ә.Фирдаусидің, І.Низамидің, Ә.Науаидің тағы басқалардың шығармаларын өздігінен оқыды.

Ыбырай Алтынсарин 1857 жылы мекткпті «өте жақсы» деген бағамен бітірді. Содан кейін ол екі жылдай өз елінде тілмаш болды. 1859 жылы Алтынсарин Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып аусады. Сол жерде шекаралық комиссияның председателі, белгілі шығыс зерттеушісі, ғалым, профессор В.В.Григорьевпен танысады. Атасы Балқожаны жақсы білетін және сылайтын Григорьев Ыбырайға аса ылтипатпен қарап, қзінің бай кітапханасын пайдалануға оған мүмкіндік берген. Оның кітапханасынан әдебиет, тарих, философия кітаптарын оқиды. Және дүние жүзі ағартушыларының еңбектерін, ұлы адамдардың өмірі туралы кітаптарды көп оқыған.

Алтынсарин өз халқын жоғары бағалған, оны жантәнімен сүйген, оның патриоты болған. Ильминскийге жазған бір хатында «Қазақ даласын үш жыл аралағанда қазақтар тапқыр, ақылды, қабілетті, бірақ білімсіз халық екен дегеніңіз әбден дұрыс. Қазақтарды оқыту бастықтардың ойына кіріп шыңпайды. Бекінңстерде училищелер салудан гөрі үйінің, онсыз да қып-қызыл шатырын сырлауды, онсыз да аппақ қабырғаларын ағартуды артық санайды», - деп жазды. ....
Рефераттар
Толық