Биология | Ішкі секрециялық бездер

Организмде бездер көп, барлық бездерді ішкі және сыртқы секрециялық бездер деп екі топқа бөледі. Сыртқы секрециялық ( лат. секреция- сөл шығару ) бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері , яғни секреттері (лат. секрет – без өнімдері) қуыс мүшелерге құйылады ( мысалы, ауыз қуысына сілекей безінің өнімі -сілекей) немесе дененің сыртына шығады ( мысалы, тер безінің өнімі –тер дененің сыртына шығады ). Сондықтан оларды
сыртқы секрециялық немесе экзогендік ( грек. Экзо – сыртқы, сыртқа + ген- тек, болмыс) бездер деп атайды. Бұларға сілекей , қарын, май, тер, ішек және қарын асты бездері, бүйрек, бауыр т.б. жатады. Ішкі секрециялық немесе эндокриндік ( грек. Эндон –ішкі +крино- бөліп шығару.) бездердің өнімдері тікелей қанға құйылатын ерекше мүшелер жүйесіне жатады. Олардың өз өнімдерін сыртқа шығаратын өзектері болмайды. Олардың өнімі тікелей қан тамырлары арқылы қанға сінеді де қанмен бүкіл денеге тарап мүшелердің қызыметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездер зат алмасу процесіне қатысады, сөйтіп адам организмінің күллі тірлігіне өз ықпалын тигізеді.
Ішкі секрециялық бездердің өнімдерін гормон ( грек. Гормо- іске қосамын, қозғаймын ) деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, дамуын, организмнің физиологиялық қызметтерін үлестіруге, зат және энергияның алмасуына, мүшелердің қызметін реттеуге қатысады. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің қызметтерін реттейді. Қазіргі кезде 40-тан астам гормондар бары белгілі. Ішкі секрециялық бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік, айырлы (тимус), бүйрек үсті, ұйқы(қарын асты) безінің Лангерганс аралшықтары, жартылай жыныс бездері жатады.....
Рефераттар
Толық