№ 62-сабақ БІЗДІҢ ЖОБАМЫЗ (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Сәулет өнері»
Сабақ тақырыбы: № 62-сабақ БІЗДІҢ ЖОБАМЫЗ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.4.2.8 мұғалімнің қолдауымен жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырату
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
-сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажыратады;
-мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
-үлгі негізінде жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратып, құрастырады
Оқушылардың көбі:
-сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажыратады;
-мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
-сөйлем сызбасы негізінде жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратып, құрастырады
Оқушылардың кейбірі:
-сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажыратады;
-мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
-жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратып, құрастырады....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық