Өнімді жүзеге асырғаннан кеткен шығынға факторлық талдау жасау

Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны–өнімді өндіру кезінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі қорлардың, еңбек ресурстарының, оны дайындау мен өткізуге жұмсалатын басқа да шығындардың ақшалай бағалануы.
Өнімнің өзіндік құны– кәсіпорынның өнім өндіруге және өткізуге жұмсаған шығындарының ақшалай тұлғалануы.
Кез келген меншік нысандағы кәсіпорын нарықтық қатынас жағдайында–залалсыз жұмыс істеуге тиіс өнімнің өзіндік құны, аса маңызды экономикалық көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Өнімнің өзіндік құны арқылы оның нарықтық бағасы құралады, пайда мен пайдалылық деңгейі анықталатын, тауардың құны белгіленеді.
Өнімнің өзіндік құны жалпылама, жинақтау (синтездік) көрсеткіш, ол кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін сипаттайды. Өнімнің өзіндік құнының мөлшері мен серпіні арқылы тау кен кәсіпорынның басқару, жоспарлау, еңбек пен жұмысақы ұйымдастыру, өндіріс техникасы мен технологиясы деңгейі туралы пікір айтуға болады.
Кәсіпорынның өндірілген өнім құны үш бөліктен тұрады:

T=C+V+m (6.1)
мұндағы Т– тауар құны;
С– тұтынылған өндіріс құралдары;
V– қажетті еңбек;
m– қосымша құн.

Тұтынылған өндіріс құралдары деп– материалдарға, отынға, энергияға, негізгі қорлардың тозған бөлігіне жұмсалған шығындарды айтады. Яғни, бұлар бұрын затталған еңбектң құрады. Тұтынылған өндіріс құралдары–құн өндіруге қатынасқанымен, тікелей өнім өндірмейді. Оны К. Маркс «тұрақты капитал» деп атаған (constant capital).
Маркстік тұжырымдама бойынша, құн тек еңбекпен өндіріледі. Еңбектің өзі жұмыс күшін тұтыну процесі. Жұмыс күші–тауар құны, ол жұмысшының дене және мәдени талғамдарын қанағаттандыру үшін қажетті игіліктер құнына тең. Кәсіпорын қызметкерлері өз еңбегіне және жұмсалған жанды еңбекке жұмысақы алады. Жұмыс күші–өндіріс процесінде өзгереді, өйткені жұмыс күші өз құнына артық қосымша құн өндіреді. Капиталдың бұл бөлігі «өзгермелі (variable) капитал» делініп, «V» әріпімен, ал қосымша құн «m» әріпімен белгіленеді. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқық социологиясы пәнінің объектісі мен өзіндік ерекшеліктері

Құқық социологиясы- өмірімен, әлеуметтік практикамен байланысты құқық жүйесін қарастыратын жалпы сациологиясының бағыты. Құқық социологиясы- мысалы, отбасы социологиясы, білім социологиясы, еңбек социологиясы тағы басқа .
Құқық жүйесі- күрделі әлеуметтік құбылыс, мұнда қоғамдық өмірдің заңдылықтарын нормативтік көрсетеді және бекіттеді.
Дәстүрлі құқық түрде жеке өзіндік құқыққа жеке тұлғалардың мүлделерін қамтамасыз етуге жұмылдырылған салалар жатқызылады, олар азаматтық, банктік, сақтандыру, патентік құқық және т. б.
Көпшілік құқыққа мемлекеттік, әкімшілік және қылмыстық құқықтық жатады.
Қазіргі қоғамның құқықтық жүйесі мынандай негізгі салаларды бекіттіреді.
1.мемлекеттік (конституциялық) құқық - бұл елдің қоғамдық және мемлекеттік негізін белгілейтін құқық саласы, азаматтардың, мемлекет оргондары жүйесінің құқықтық жағдайының негізгі және олардың өкілеттірі.
2.Әкімшілік құқық мемлекеттік органдардың атқарушылық - басқарушылық қызметін жүзеге асыры барысында жинақталатын қоғамдық қатынастарды реттейді.
3.Қаржы құқығы қаржылық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
4.Жер құқығы адамзат қоғамының өмір сүруінің материалдық негізі болып табылатын жерді, оның қайнауын, суды, ормандарды пайдалану мен қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
5.А заматтық құқық- әр түрлі мүлікті және сонымен сабақтас жеке мүлікті емес қатынас тарды реттейді.
6.Еңбек құқығы- бұл адамның еңбек қызметі барысындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы. Еңбек құқық нормасы, мысалы жұмысқа шартын анықтайды, жұмыс уақыты мен демалыс у ақытын, еңбек шар тының қауіп сіздік ережелерін белгілейді.
7. Отбасы құқығы- неке- отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы. Оның нормалары некеге тұру шар тарын мен тәртібін белгілейді, ерлі- зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін, ата- анасы мен балаларының бір- біріне деген қарым –қатынастарын анықтайды.
8.Азаматтық- іс жүргізу құқығы соттардың азаматтық, е ңбек және отбасы қарауы барысында туындайтын қатынастарды реттейді.
9.Қылмыстық құқық қандай қоғамдық құлықтың қылмыстық болып табылатын және о ның жасалғаны үшін қандай жаза қолданылатының белгілейтін нормалардың ке шенін білдіреді. ....
Рефераттар
Толық

Банк ісі | Қолма қолсыз есеп айырысу жүйесінің қызметін жетілдіру жолдары

Төлем карточкаларымен есеп айырысулар компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.
Төлем карточкалары - пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:
Дебеттік карточка – карточкалық шот иесіне банкоматтан қолма-қол ақша алуға және карточкамен қызмет көрсететін сауда үйлерінде, мейрамханаларда және т.б. орындарда сатып алынған тауары мен қызметтері үшін есеп айрысуға мүмкіндік беретін төлем құралы.
Банктік карточканың мынадай өзіне тән реквизиттары бар:
- логотипі, яғни карточканың қай төлем жүесіне тиісі екендігі, мысалы: “Master Card”, “Vіsa” және т.с.с.;
- карточканың номері (ол 16 саннан тұрады);
- карточка иесінің аты-жөні;
- карточканың эмитентінің атауы;
- карточканың қызмет ету мерзімі;
- карточка иесінің қол қою үлгісі.
Қазіргі кезде көптеген эквайер банктеріміз ірі сауда үйлерімен өзара жасаған келісім-шарт негізінде төлем карточкаларын шығаруды көздеп отыр. Мұндай карточкалардың иелері аталған сауда үлерінде сауда жасағанда белгілі бір жеңілдіктерді пайдаланады.
Ол үшін сауда үйінде ПОС терминал орнатылады. Мұндағы Pos- терминал дегеніміз сауда немесе қызмет көрсететін кәсіпорында банктік карточкаларға қызмет көрсетуге арналған құрылым. құрылғылары орнатылады.
Кредиттік карточка - оның элименті мен карточка иесі арасындағы келісім шартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
Кредиттік карточкалар бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету сферасында қолданылады. Қазіргі уақытта несиелік карточкалардың мынадай түрлері қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.
Қазақстан аумағында қолданылып жүрген карточкалар қолданылу аясына қарай екі түрге бөлінеді:
1) локальдық немесе оқшауланған, яғни бір елдің аумағында қолданылатын төлем карточкалары;
2) халықаралық, яғни әлемдің банктік тәжірибеде еркін қолданылатын төлем карточкалары.
Тәуелсіз алған жылдары Қазақстанда алғаш рет 1992 жылы Әлем банк кредитік карточкаларын шығарды. Кейіннен Халық банктің Алтын карточкалары айналысқа шықты. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Қант қызылшасының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

Морфологиялық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары. Қант қызылшасы (Веtа vulgaris L. v.saccharifera) - Алабұталар тұқымдасы (Chenopodiaceae) Қызылша туысының (Веtа L.) малазықтық (v.сrаssа), жапырақты (v.сісlа) және асханалық (v.еsсulenta) түр тармақтары кіретін түрдің - екіжылдық өсімдігі.
Қант қызылшасының ұзын жіңішке тамыршалары бар олар жанына 40-50см тарайды, ал негізгі кіндік тамыры 2-2,5 м топырақ тереңдігіне дейін бойлауға қабілетті. Оның орталық тамыры өсіп-толысып тамыржеміске айналады. Жетілген өсімдігінің тамыржеміс массасы 500-800 г және одан да жоғары болады.
Тамыржемісінің формасы – конус тәрізді. Құрылысы: басы, мойны және нағыз тамырдан тұрады.
Басы - тамыржемістің үстіңгі бөлігі, түрі өзгерген сабақ, онда жапырақтар орналасады. Басында тамыржемістің басқа бөлігіне қарағанда қанттың мөлшері аз.
Мойын - тамыржемістің басы мен нағыз тамырдың арасында орналасады. Онда жапырақтар мен тамыршалар болмайды. Тамырдың өзі - тамыржемістің төменгі конус тәрізді бөлігі. Тамырдың ұзына бойындағы жырықшаларынан көп жанама тамыршалар тарайды. Қанттың көп мөлшері (19-20 %) тамыржемістің ортаңғы бөлігінде болады.
Пісіп-жетілген тамыржемісте шамамен -75% су, 25% құрғақ заттар (сорты мен өсіп-жетілу жағдайына қарай 16-24% қант) болады. Қанттылығына жоғары агротехника көп әсер етеді.
Қант қызылшасының жапырақтары ірі, бүтін, жүрек тәрізді, сағақты. Формалары жасына қарай өзгереді: жас жапырақтарының сағақтары қысқа және алақаны дөңгелек, ал үлкейгендерінің сағақтары ұзарады да жүрек тәрізденеді. Жапырақ алақанының толқынды, ойықты немесе тегіс болуы сорттық белгі және өсіру жағдайына байланысты. Жеке жапырақтың ұзындығы 50-70 см дейін. Бірінші жылы өсімдік 60 таяу жапырақтар түзеді.
Қант қызылшасы тұқымды тіршілігінің екінші жылы - қыста сақталған тамыржемісті көктемде топыраққа отырғызғанда гүлді өркендер пайда болғаннан кейін береді.
Гүлдері - қосжынысты, гүлсеріктері жасылдау. Гүлдеуі 20-40 күнге созылады. Қант қызылшасы айқас тозаңданады. Тозаңдануы жел мен насекомдар арқылы жүреді.
Жемісі-жаңғақша. Көп дәнді қант қызылшасының жемістері 2-5 дәннен тізбектеліп шоғырланған. 1000 тұқым салмағы 20-дан 50 г дейін. Бірдәнді қант қызылшасының жемістері бір жаңғақшадан тұрады, сондықтан механизацияны пайдаланып себуге ыңғайлы.
Тұқымының сыртында бурыл жылтыр қабықша болады. Тұқымның ұрығы перисперманың (қоректік заттар қоры орналасқан жер) айнала сақина тәрізді қоршап тұрады, ол екі тұқым жарнағынан, орталарында орналасқан бүйрекшеден және ұрық тамыршаларынан тұрады.....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағыәлеуметтік саяси дамуы

20-жылдардың соңында жеңіске жеткен әміршіләкімшіл жүйе 40-50-жылдарда күшейіп тұрған еді. Қазақстан тарихын қоғамның сол кездегі саяси жүйесінсіз кезге елестету мүмкін емес. Оған адамның бостандығын аяққа басу, оның құқын елемеу, еңбекщілерді өндіріс құралдарынаан ажырату, оларды саясат пен мемлекеттік басқарудан шеттету сияқты теріс құбылыстар толығымен тән еді. Республикада, бүкіл елдегі сияқты, бір адамның
-И. В. Сталиннің жеке басына табыну үстемдік құрды. Қандай табыс болсын, соның басқару қабілетіне байланысты дәріптеліп, кемшіліктер мен өрескел қателіктерге көз жұма қаралды. Осының бәрі Қазақстаның қоғамдық-саяси дамуына теріс әсер етті. Ал мұның аса ауыр зиянды зардаптары болды. Әр түрлі даңғаза ұрандар астында саяси айыптар тағу, занды бұзу, билікті теріс пайдалану жаппай орын алды. Саяси жүйе өз негізінде дамуға қабілетсіздігін көрсетті. Бұл жүйенің жетекші күші болған Комунистік партия осы жүйенің барлық буындарының- Кенес мемлекетінің, кәсіподақтарының, косомолдың, кооперацианың және басқа қоғамдық ұйымдардың қызметіне өткен билік жүргізді. Қалыптасқан дәстүр бойынша партия органдарының қоғам өмірінің барлық салаларына таза әкімшілік бұйрық арқылы араласып отыруы партианың жетекшілік рөлі деп қабылданды.
Мемлекеттік органдардың құзырындағы мәселелерді тікелей шешу арқылы және халықшаруашылық әлеуметтік- мәдени міндеттерді шешуге қоғамдық ұйымдарды да барынша тарта отырып, партия олардың өз бетінше қызмет етуіне мемлекеттік бермеді.
Республиканың қоғамдық- саяси өмірі. Кенес қоғамның соғыстан кейінгі даму жоспары социализмнің сталиндік антидемократиялық, тоталитарлық үлгісінің құрамдас бөлігі еді. Алайдасоғыстың барлық тауқұметі мен қиыншылығынмайдан мен тылда бірдей көтерген халықтың ой-санасы соғыс қарсаңындағы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген еді. Дегенмен бейбіт құрылысқа көшу жағдайында қоғамдық өмірдің көптегенмәселелерді басқаша бағаланатын болды. Халық әлеуметтік бағдарламаға бетбұрыс жасау қажеттігін анық түсіне бастады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы салықты есептеу және төлеу тәртібі

Қай кезеңде болмасын кез-келген елдің қоғамдық әлеуметі мен тұрақтылығы, экономикалық дамуы мен өркендеуі салық жүйесінің іс- әрекетіне байланысты екені белгілі. Бүгінде еліміздің тәуелсіздігімен бірге сақтап тұрған салық жүйесі іргелі де маңызды салаға айналған.
Жалпы осы ұрпақтар ішінде салық заңдары бірнеше рет ауысып, көптеген өзгерістер енгізілген. Бұдан біз салық жүйесі саланың дамып жетіліп жатқанын қадағалауымызға болады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болады және оның өмір сүруінің негізі болып табылады. Мемлекетті ұстау үшін оның азаматтарының ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың формалары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгеріске ұшырап отырады. Олардың қызмет ауқымы кеңейіп, әлеуметтік-экономикалық процестердегі рөлі де өзгеріп отырады. Тауар-ақша қатынастары неғұрлым дамыған жүйелерде салықтар да жақсы дамып, оларға мүмкіндігінше әсер етті.
Салықтарды ұтымды ұйымдастырудың классикалық принциптерін кезінде Адам Смит ұсынған еді. Олар мыналар:
А) Салық әрбір төлеушінің табысына қарай салынуға тиіс;
В) Салықтың мөлшері мен төленетін мерзімі алдын ала әрі нақты белгіленуге тиіс;
С) Әрбір салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және тиімді әдіспен салынуға тиіс;
Д) Өндіріп алынатын салықтың шығындары мейлінше аз болуға тиіс;

Бұл принциптердің қолдануы салық салудағы сорақылықтарды жойып, бұл процесті реттеді. Сондықтан А.Смит: ” ... төлеушілер үшін салықтар – құлдықтың емес, бостандықтың белгісі”, - деп жазды.
Мемлекет салық саясатын – салықтар саласындағы іс-шаралар жүйесін әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес қоғам дамуының нақты кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай жүргізеді.
Нарық қатынастары түзілуі жағдайындағы салық саясатының негізгі бағыты – халықтың нақты табыстарының едәуір бөлігін орталықтандырылған қоғамдық тұтыну қорлары арқылы қалыптастыру принциптерінен бас тарту. Бұл халықтың еңбекке қабілетті бөлігінің табыстарын еңбек белсенділігін арттыруға экономикалық мүдделігін арттыру арқылы көбейтуге мүмкіндік береді. Салық жүйесі арқылы қоғамның еңбеккеқабілетсіз мүшелерін әлеуметтік қорғау қамтамасыз етіледі. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Күріш тұқым шаруашылығын ұйымдастыру аудандастырылған сорттары

Ерте кездегі зерттеу жұмыстарының қорытындысына қарағанда дүние жүзіне көп тараған дақылдардың бірі күріш деп есептелінеді. Күріш аса бағалы дәнді дақыл ретінде 110-ға жуық елінде 150 млн.га жерге егіліп оның 90% -ы Азияда, 4%-ы Америкада, 2% Африкада, 4%-ы басқа құрлықтарда өсіріледі.
Азия континентіндегі ең көне әрі өте маңызды азық-түлік дақылдарының бірі күріш. Бұл дақыл әлемнің 112 елінде 145 млн. гектардан астам жерде өсіріледі. Күріш дәннің жалпы өнімі 1990 жылы 426,6 млн. тоннаға, 1995 жылы 433,0 млн. тоннаға жетті, ал кейінгі 10 жыл ішінде күріш өндірісінің жылдық орташа көрсеткіші 560 млн. тоннаға жеткен.
Қазіргі тарихи, археологиялық, палеоботаникалық, лингвистикалық мәліметтер қарағанда, күріш өте ерте , көне заманнан бері егіліп, екпе дақыл түріне айналған. Күріштің жабайы түрлерін мәдени (екпе) түрге айналдыру 20 мың жыл және оданда бұрын Солтүстік Үнді Қытайда жүзеге асқан. Бұл аймаққа Бирма, Лаос, Тайланд, Солтүстік Вьетнам және Юньнанидың оңтүстік бөлігі жатады. Үнді Қытайдан күріш Қытайға жеткен, одан Маньчжурия, Корея, Жапония елдерінде тарап, егіле бастаған. Индияның оңтүстік-батысында да жабайы түрлерін екпе дақыл ретінде егіп өсіру аталған аймақтармен қатар жүзеге асқан.
Вьетнамда және онымен көрші елдерде жүргізілген археологиялық қазбаларда табылған күріш үлгілеріне қарап, Вьетнам ғалымдары бұл дақыл Азия елдерінде бұдан 50 ғасыр бұрын егілген деген тұжырымға келіп отыр. Өйткені халық селекциясы шығарған күріштің көптеген көне сорттары және жабайы түрлері Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде бар. Де-Кандольдың (1883,1885) пікірінше, күріштің шыққан жері Индия және Қытай. ....
Рефераттар
Толық

Педагогика | Қиын бала ұғымының шығуы және ғалым педагогтардың ой пікірлері

Қазіргі ХХІ ғасыр табалдырығын аттап отырған кезеңде «қиын балалар» мәселесі бізді әлі де ойландыруда.
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын»(51.).
«Қиын балалар» ұғымы 1920-1930 жылдарда тәрбие мәселесінде пайдаланып жүрді. Бара-бара бұл 1950-1960 жылдары қайтадан қолданысқа енді. Қазір бұл мәселе ғылымда нақты орын алып отыр. Әрине, бұл мәселемен көптеген ғалымдар айналысқан, қиын балалар мінезін, өмірін жан-жақты зерттеген. Қазір де мұндай жасөспірімдер көп.
Қиын балалар қайдан шығады?- деген сұраққа былай жауап берсе де болады. Ең басты себеп отбасы тәрбиесінде жатыр: ата-ананың ішімдікке салынуы немесе екеуінің біреуі болмауы. Осының бәрі баланың мінез-құлқына, ішкі жан дүниесіне әсер етеді.
Кейбір тәрбиесі, мәдениеті өте төмен ата-ана баласын ұрып-соғып, жаман сөзбен балағаттап, тіпті баласына қайыр-садақа сұратқызады. Мұнда бала ертеңгі күні кекшіл, жасқаншақ, төбелескіш келеді. Сонда оның тағдыры, болашағы қандай болмақ.
А.Макаренконың мына бір сөзіне көңіл қою артық болмас еді. «Бала тәрбиесі біздің өміріміздің саласы. Біздің балаларымыз мемлекетіміз бен әлемнің болашақ азаматтары. Олар ертеңгі әке мен шеше, олар да өз балаларын тәрбиелейтін болады. Біздің балаларымыз тамаша азамат, жақсы әке, жақсы шеше болып өсуі керек.Бірақ мұнымен де бітпейді. Біздің балаларымыз – біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие - бұл бақытты қарттығымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдармен бүкіл ел алдындағы кінәміз»(48).
Қазіргі уақытта мінез-құлықтың бұзылу себебі түбегейлі түрде зерттеліп, жаңа сипатқа ие болуда және әлеуметтік-психологиялық, клиникалық, криминалогиялық тұрғыда қарастырылуда.....
Рефераттар
Толық

Қаржы | Депозит және депозиттік салымдарды кепілдендіру туралы түсінік

Мен бұл банктік депозитті сақтандыру: шетелдік және отандық тәжірибе деген курстық жұмысты алу себебім, ол өзекті тақырыптардың бірі. Өйткені Қазақстан қазіргі кезде экономика мен қаржы саласында кейбір қиындықтарды бастан өткізуде.Сондықтан да Қазақстан Республикасының президенті халықтың банкке деген сенімін арттыру үшін депозитті сақтандыру шаралары қолданған болатын.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде қаржы ұғымы мен мәнін түсіндірілген. Онда депозиттің теориялық анықтаммасы, құрылу жолдары, оның функциялары туралы айтылған. Жалпы түрде депозитті сақтандыру ұйымдастыру мен қолдану әдістері, негізгі концепциялары берілген.
Екінші бөлімінде депозитті сақтандыру формалары, депозитті ұйымдастыру жолдары мен әдістері, оның негізгі мақсатарын қарастырамын. Басқару мәні ашылған, мемлекеттің депозитті басқарудағы атқаратын рөлі, шетел тәжірибесі қарастырылған,олардың депозит жүйесінің ерекшеліктері.
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайда проблемалары және жетілдіру жолдары ерекшеліктері мен принциптері, оның проблемалары мен қиындықтары мен әдістері қарастырамын. Қазақстанның депозиттерді сақтандыруды дамыту тенденциялары мен алдағы мақсаттары және заңдарды қарастырамын жазылады.
Бүгінгі күндері депозиттерді сақтандырудың рөлінің жоғары екенін түсінген үкімет Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру қорын құрды.
Бұл қордың тәжірибесі бүкіл дүние жүзі елдеріндегі нәтижелі қызмет көрсетіп жатқан осындай қорлардың тәжірибесінен таңдап іріктеліп алынып жатыр. Мұндай озық тәжірибелер қорлар АҚШ, Германия, Франция, Англия, Жапония және т.б елдерде бар.
Бұған қоса әлемдік және отандық тарихта жалпы сипатқа және ауыр салдарларға ие болған көптеген банктоттық жағдайларын ескере түсіреді.
Әлемнің дамыған елдері әр уақыт кезеңінде банктің салымшыларын қорғау мәселелерімен жолықты. Бұл мәселені шешу біздің елімізде де үлкен қиындық туғызады. Отандық банк жүйесі енді ғана тұрақтана бастады, бірақ әліде болса проблемалар бар, кәсібиліктің тапшылығымен және тағы басқа кемшіліктермен сипатталады.
Қазақстан Республикасы банк жүйесінің екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдендіру) қажеттігі көп жылдардан бері шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі болатын. Мұндай мәселенің туындауы Қазақстан Республикасы экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне және халықтың банктердегі көптеген жылдар бойы жинаған ақша қорларының, яғни жинақтарының 1990 жылдардың басында инфлияция әсерінен банктердің жабылуы салдарынан жоғалып кетуімен байланысты болып отыр.Бірақ жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдендіру) қорын құру оңай мәселе болмады. Халықтың коммерциялық банктердегі салымдарын сақтандырудың біріншіден, халық қолындағы айналысқа түспей отырған ақшалай қаражаттарын экономикаға тарту,екіншіден ақша иелерінің табыстарын өсіру, үшіншіден, банк жүйесін ақша ресурстарымен қамтамасыз ету, төртіншіден, экономиканың нақты секторларына жұмсалынатын несие ресурстарын көбейту, бесіншіден, өндірістерге ішкі инвестицияны тарту және тағы басқа да көптеген пайдалы тұстары бар. Бұл жүйенің қызметін мемлекеттің реттеуінсіз нәтижелі ұйымдастыру мүмкін емес. ....
Рефераттар
Толық

Психология | Диференциалды ψ-ғы жас мәселесі сандық ген сапалық сипаттамасы

Жалпы сипаттамасы. Жасына немесе жас шамасына қарай даму барысы деген не? Бұл сұраққа жауап адамның психикалық даму табиғатын түсінудегі жалпы қарым-қатынасқа байланысты болады. Айтылып жүрген көзқарастардың біреуі даму сатыларының өзгермейтіндігін, абсолютті болатындығын дәлелдеуге келіп саяды. Жас жөніндегі мұндай ұғым психикалық дамуды табиғи биологиялық процесс деп түсінумен бай-ланысты. Қарама-қарсы көзқарас — жас даму білім мен дағдылардың жай жинақталуы ретінде ғана қарастырылады.
Совет психологиясы жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп Блонский мен Л. С. Выготский тұжырымдаған қағидаларды әрі қарай дамытады. Тарихи даму процесінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды.
Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л. С. Выготский жас шағы дамудың белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамудың жалпы циклінде алатын орнымен және дамудың жалпы заңдарының одан әр кез өзіндік көрініс табуымен анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне етуде бұрынғы кезеңдерде болмаған жаңа құры-лымдар пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.
Жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл — әрі балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. ....
Рефераттар
Толық