Тоқаш Бердияров | Көк қалпақ

Әрине, әркім өз кәсібін жақсы көреді, өз шаруасының ілгері қарай жылжуын қалайды. Мәселен, көшеде кетіп бара жатсаңыз, көгілдір үйшіктегі мұртты етікші жігіт, сөзсіз аяғыңызға қарайды. Сағат шебері қолыңызға қарайды. Ал, ақ халатты шаштараздың көзі басыңызға түседі. Мұны өзіңіз де талай рет аңғарған шығарсыз.

Біздің Қауақбайдың кәсібі анау-мынау емес, пима басатын артелдің бастығы. Өзі тіпті, қажетті-ақ, мекеме, Қаукеңнің күнделікті жұмыс жоспарының барысы жөніндегі анықтама-ақбарияттармен мен мүлде таныс емеспін. Танысуға анау айтқандай аңсарым да ауып отырған жоқ. Мен тек қана о кісінің өз басындағы ақиқат жайттардан азын-аулақ хикая шертпекпін.

Егер сіз, Қауақбайдың креслода отырған кейпін көрсеңіз, со замат өзіңізді бейне бір Шығыс елдерінің бірінде жүргендей сезінесіз. Олай дейтін себебім, Қаукең Будда құдайына ұқсайды. Көкшілденген жұқа ернінің астына жасылкөк насыбайды жымқырып жібергенде, екі беті бұлтиып шыға келеді. Біреумен сөйлесе қалса, сарғыш бет-әлпеті, сарғылт суық көздері былай тұрсын, тіпті, алпамсадай денесінің өзі мүлде қозғалмайды. Ол ол ма, көшеде жүріп бара жатқан күнде де о кісінің қолдары, кеудесі, басы әсте бір қыбыр етпейді. Жарықтықтың отырысы да, жүрісі де темірден құрастырылған автомат-адам сықылды еді... .....
Әңгімелер
Толық