Күшік пен мысық

Бір күні қарны ашқан күшік тауда қаңғып жүрсе, қасқыр жүгіріп келіп:
– Ей, күшік, мен сені жеймін! – депті.
– Қой, көкешім, қой! Әуелі мені тойғыз,сонан соң жерсің, – депті күшік.
Қасқыр:
– Жарайды, жарайды! Менің соңымнан қалмай ере бер, – депті.
Екеуі бірге келе жатып, бір топ сиырды көріпті. Қасқыр өзінің жолдасына қарап:
– Маған қарашы, менің көздерім, құлақтарым, ауызым, құйрығым қандай екен? – депті.
– Сенің екі көзің шоқтай қызарып....
Ертегілер
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Жануарлар (сиыр, қоян, мысық, ешкі, тасбақа, зебра, аю, мал, бота, түйе)

Айран берген, құрт берген,
Шелек-шелек сүт берген,
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қандай мал, кім білген?
Сиыр

Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.
Сиыр

Өзінше ноян
Қорқақ кім?
Қоян
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Ене мен күйеу бала

Енесі мен күйеу баласының арасында кикілжіңдердің болып тұратыны ешкімге де құпия емес шығар. Көрші елдерде олардың қарым-қатынасы туралы әзіл-қалжыңдар көп айтылатындықтан, жігіттер енесімен алғашқы кездесуге жақсылап дайындалып барады екен. Сол әзіл-қалжыңның кейбірін аударып беруді жөн көрдік.
Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Жануарлар (кит, жылан, маса, тышқан, балық, мысық, қасқыр, қоян, түлкі, піл, сиыр)

Көзі бар, қанаты бар балық дене,
Сияқты зор тұлғалы алып кеме.
Кит

Бір мақұлық бар екен төрт аяқты,
Тағыпты арқасына мың таяқты.
Ашуланса, аяқ-қолын көрсетпейді,
Көресің көзің салсаң ғажайыпты.
Кірпі

Дене мен аяқ-қол жоқ, құйрық пен бас,
Бұрыннан жан-жәндікке ойлаған қас.
Бес-алты ай демалыста күн көреді,
Оншалық керек етіп жемейді ас.
Жылан
Жұмбақтар жауабымен
Толық