Кенен Әзірбаев (Кенен мен Әбдіғали айтысы)

Кенен:
Ел анасы — жер болар.
Ел ағасы — ер болар.
Кіндік кесіп, кір жуған
Жер балаңмен тең болар.
Ұшқан құс қонбай қоя ма?
Еңбексіз қарның тоя ма?
Ел мен жерден сыр алмай,
Аң қуған жолы бола ма?
Ат мойнында тұмарсың,
Ат аунаса сынарсың,
Ал, қызыл тіл, сайрашы,
Ажал жетсе тынарсың.
Сұлуға, көзім, қарашы,
Топырақ басса жұмарсың.......
Өлеңдер
Толық