Ғабиден Қожахмет | Ер қанаты


Айнагүл бүгін балаларға жылқы жайлы сабақ өткен еді. Сабақ барысында Айнагүлдің аузынан, мағынасына орай, жылқы деген де атау айтылып жатты, ат деген де сөз шықты, Қамбар ата түлігі деген де сөз айтылды, тіпті жылқының жас ерекшелігіне байланысты айтылатын сөздер де аталмай қалмады. Оны былай қойғанда, Айнагүл жүйрікке байланысты айтылатын тұлпар, арғымақ, сәйгүлік деген сөздерді де
ретіне қарай қолданып бақты.

Айнагүлдің бір мінезі сабақ беру барысында өзінің шәкірттерін тыңдағанды да жақсы көретін. Бұл жолы да солай етпек болды. Кенет сыныптың ортасынан Ернар деген бала қол көтерді. Ернар Айнагүлдің сүйікті шәкірттерінің бірі еді. Сондықтан ба өзін еркінірек ұстайтын. Кейде апайына аздап еркелеп қоятыны да бар. Ернар бұл жолы салмақты мінезбен орнынан тұрды да: .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Бомбапана


Үлкен ағасы бірде байланыс бөлімшесіндегі жұмысына барып отырып, жұмыс арасында монтёр жігіттермен әңгімелесіп отырады. Негізінен, үлкен ағасы мектептен кейін көкесінің жанында жұмыс істеген. Көкесі кейде өз қызметтеріне байланысты ауданда өтетін жиналыстарына кетіп қалатыны бар, кейде өзге де шаруалары шығады, осындайда жұмыстың барлығын үлкен ағасына сеніп тапсырады. Ауылдық жерде әр рудың өзінің ел ағалары болады. Ағайынның қызық-қуанышы, "біреудің кісісі өлсе, қаралы ол" дегендей, қазалы жерде де осы ел ағалары тізгін ұстайды, пәтуалы сөз, елдік мүдде айтылуға тиісті. Көкесі де - өздерінің Баймырза руының басы-қасында ағалық жасап жүрген адам. Бұл жерде Шәріп, Қолғанат есімдері қатар аталады. Бір кезде ағайынның ас-тойында ел ағалық жасаған осы кісілердің есімдері әлі де жаңғырығып айтылып отырады. Көкесі осындай істердің басы-қасында жүргенде де байланыс бөлімшесінің жұмысын үлкен ағасына сеніп, тапсырып кетеді.
.....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Тектілік

Әскер қатарынан қайтып оралғаныма көп өтпей-ақ жазған өлеңдерім «Қызыл ту» газетіне там -тұмдап жариялана бастады. Тіпті газеттің мәдениет бөлімін басқаратын Мұхаметжан Дәуренбеков ағаның жөн сілтеуімен облыстық радиодағы ағалармен де танысып, бірен-саран өлеңдерім эфирде берілген. Менің қаламға деген талпынысымды байқаған болса керек, бөлімше меңгерушісі Соқырбек Жұманбаев аға:

– Сен Амангелді Қаңтарбаевты білесің бе? – деп сұрады.

– Жоқ, – дедім мен.

– Мұның қалай? – деді Соқырбек аға, – оны өзгені былай қойып, аудандық партия комитетінің үшінші хатшысы Төлеутай жолдас малды ауылдарды бірге аралағанда дастархан басында аудандағы ірі ақын деп мақтап отырды. Хатшының сөзіне қарағанда, келешегінен көп үміт күтуге болатын талапты жас болса керек. Мен Амангелді туралы мұнан кейінгі жерде ауыл адамдарынан жиі еститін болдым. Тіпті немере ағам Балташ Бақтыбаев: «Бәрімізде қалам тартып жүрміз ғой, біздікі не тәйірі. Ақын деп, журналист деп Амангелдіні айт», – деп желпіне сөйлер еді. Мен Амангелдімен осылай сырттай таныстым. .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Адам сол

Әдебиетші ғалымдардың пайымдауынша, аңыз - ертегі еншілес ауыз әдебиетінің бір саласы. Оны ертегіге телулеріне аңызда қиял - ғажайып оқиғаның шындықпен қосарлана өрілуі себеп болса керек.

Мұнымен қатар, аңыз негізінде әңгіме, кейде өлең - жыр түрінде болуы мүмкін деген - екі ұшты пікір де айтылып қалып жатады. Дегенмен, аңыз кейіпкерлері нақтылы өмірде болған жандар.

Олар Асан Қайғы, Қорқыт, Жиренше, т.б. Бұл аңыздардан басқа Ұлы төңкеріске дейін қазақ даласында діни тақырыптардағы аңыз - әңгімелер де аз таралмаса керек.

Олай дейтінім, әкем марқұм (молда болатын) қыстың ұзақ түнінде араб әрпімен басылған кітаптардан аңыз әңгімелерді өзі оқып, мазмұнын қазақшалап айтып отыратын.

2005 жылы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының Павлодар қаласында «Шайтанның саудасы» атты таңдамалы өлеңдерінің 1 - томы басылып шықты.

Сегіз бөлімнен тұратын аталған кітаптың беташар бөліміндегі «Аңыз өлеңдер» топтамасын қызыға оқып, танысу барысында құдіреті күшті бір Алланың жер мен көкті жарату барысында пендесінде ұсынған Ғибратын айқын аңғарғандай әсер аласың. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Желтоқсан

Батушы еді жанға аяздай бір жоғы,
Шындық сұрап көтерілді ұл қолы.
Серіппе еді жылдар бойы жиырылған,
Қатты серіпті, аянбады бұл жолы.




Ол қатаң режимнің алдында мұндай болуы мүмкін емес деген нәрсені мүмкін етті. Ол режимді сонысымен шошындырды. Оның аты - Желтоқсан.
.....
Әңгімелер
Толық

Мұғалім кәсібі туралы ойлар


Мұғалім! Осы сөзді айтқанда, естігенде жүрегіңе жылулық сезімі ұялайды. Иә, мұғалім – мақтан тұтар мамандық. Өмірдегі көп мамадықтардың ішіндегі жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, мейірімділікті қажет ететін де осы ұстаздық мамандығы.

«Ұстаз» сөзінің екі түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі бір пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары, беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның бойындағы білім мен ақылы, ойының қуаты талай «тентекті» жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп , ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді, болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деп Бауыржан Момышұлы айтқан екен. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель», десе, Жамбыл Сүйінбайды, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп шексіз құрметеп өткен. Бұрынғы қазақ даласындағы ағартушылық білім балаға жазу-сызуды, оқуды үйретсе, бүгінгі мұғалім оқушыларына ғылым негізінен мәлімет беріп қана қоймайды, оны дүние жүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелейді. Бұл нағыз – ұстаздың ғана қолынан келеді. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Ана тілім

(мектеп шәкірті үшін жазылған)

Ол қазақ даласының шалқар көгінде күмбез болып көтерілген еді. Айбынын асырғысы келіп, мейманасын тасытпақ болған нөпір жауға қас батырдың тілімен рух болып аттандап, қыран құстай шүйілді. Ол қазақ сахарасының ұлан-байтақ шетіне ән болып қалықтады, күй болып домбыра пернесінен төгілді, қозы қайырған баланың сыбызғысы болып сарнады, қобыз шанағында мұң болып жүректерді жылатты. Ол тағы да мыңдарды тебірентті. Шарана сәбидің құлағына бесік жырымен ана әлдиі болып құйылды, бойжеткен арудың ыстық ұясын қимаған сыңсу әні болып естілді, туған еліне, ата-анасына деген асыл сезімі болып жүрек пернесінің көңіл-күйін шертті. Осының барлығында да ана тіліміздің рухы жатты. Менің туған тілімнің рухы еді.

Менің ана тілім. Менің тіліме қатысты сөздер құлаққа қандай жағымды естілетін еді. Осы тіл менің құлағыма бесік әлдиімен енді, ата-анамның маған арнаған жылы сөздерімен дарыды. Ол мектептегі алғашқы ұстазымның әуезді үнімен тәлімді тәрбие болып жүрекке құйылды. Ол оқу ордасындағы ана тілі пәні мұғалімінің қоңыр даусымен ғылым негізі болып санамды билеп алды. Ыстық ұядағы ұстаздарымның мағыналы сөздері арқылы ұлттық рухымды биікке көтерді, арман көкжиегіне жетеледі. Ана тілім сағыныш сезімге толы әндер арқылы биік белеске шарықтатты, туған жерімді сүюге, ардақтауға үйретті. Сондықтан да мен ана тіліме мәңгі қарыздармын. .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Жасыл Ел

«Жасыл елдің» мүшесімін мен деген,

Дегенінде ағама мен сенбеп ем.

Ерте тұрып, шайын ішіп, күрек ап,

Шыққанында мен соңынан ерген ем.

Бір көшені кесіп өтіп көлденең,

Көк жиекке ұштасқандай көлбеген.

Көп ұзамай шықтық ауыл шетіне,

Осында екен кәрі мен жас ел деген.

Кеткен екен іске әбден беріліп,

Жалқауланып тұрған жан жоқ керіліп.

Көшеттерді егіп жүрген жұртпенен,

Балаларда мен сияқты елігіп.

Шелек-шелек су әкеліп құяды,

Жұмысшылар, ел ағасы зиялы.

“Жасыл елдің” келешегін сөз етіп,

- Қара шаңды асау желді тияды.

Әрі пана, әрі ауаны тазалап...

Жасыл елдің келешегі ғажап ақ.

«Жасыл елге» қалай үлес қосам деп, .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Немереме


Нұртілеуім,

Сен туғанда шаттықтан бір түледім.

Уілдеген үніңнен айналайын,

Келіп тұрды сол сәтте күлші дегім.

Жөргегіңде жатырсың тырбаң қағып,

Қас-қағымда мына өмір өтер ағып.

Бала бүркіт секілді көкті аңсаған

Талап қылып ұшарсың қанаттанып.

Мына байтақ бабадан алған енші

Тылсымына құлақ түр, тебіренші.

Сенің алтын бесігің – Отаның бұл,

Бастауынан қанып іш, гүлін терші.

Балғыным, бұл – бабалар аманаты,

Туған жерің ұмытпа, жер жәннатың.

Ұланы бол сен оның сенім артар,

Бол еліңнің қатарлы азаматы.

Сүлеймен Баязитов

.....
Әңгімелер
Толық

Тәуелсіздік тәңірдің сыйы


Еркіндігін еншілеп, егемендік тізгінін қолына алған мемлекетіміздің Тәуелсіздік туын көгінде желбіреткеніне де міне, биыл 25 жыл толып отыр! 25 жыл! Тарих үшін қас-қағым бұл сәт, жұмыр басты пендеге әжептеуір уақыт. Жас жігіттің ақыл тоқтатып, оңды- солын танып, алға қарай нық басып, өзін көрсетер шағы десек, мемлекетіміздің де тек алға қарай дамып, өркендеу кезеңіне де жетіп отырғанын көзіміз көріп отыр.

Біздің Отанымыз - Егеменді, Тәуелсіз, Қазақ мемлекеті.

Осынау маржандай тізбектеле қалған сөздердің астарында-жатса түсінен, тұрса есінен бір сәт кетпеген бабалардың ғасырлық арман жолы жатыр емес пе?

Тереңнен ойлап, тебірене толғансаң- халқымыздың барша тарихы осы Тәуелсіздік үшін, халқымыздың бас бостандығы үшін күреспен өткен екен.

Мың өліп, мың тірілген қазақ елі қилы- қилы тағдыр тауқыметін көрсе де, ұлт ретінде тарих сахнасында өзін- өзі сақтай білді. Халқымыздың қайсарлығы мен табандылығы арқасында бүгінде еркіндік самалының рахатына бөленудеміз. .....
Әңгімелер
Толық