Бұлбұл

Қытайда императордың өзі де, оның қарауындағы халық та қытайлық болатынын өзің білесің ғой. Бұл оқиға баяғыда болған, сондықтан да ұмытылмай тұрып, саған айтып берейін!

Дүниенің төрт бұрышында император сарайымен сұлулыққа таласатын ешбір сарай болмаса керек: ол өте жұқа, аса бағалы фарфордан салынған, нәзіктігі сонша, тіпті саусағыңмен түртіп қалсаң быт-шыт боп сынып түсе ме – деп қорқасың.......
Ертегілер
Толық