Қаржы | Валюталық бағам және валюталық нарық

Валюталық жүйенің маңызды элементі – валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің хадықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың қажеттігінен; дүниежүзілік және ұлттық нарықтардағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақтылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделеді.
Валюталық бағам – басқа елдің ақша бірлігіне қатысты сол елдің ақша бірлігінің бағасы. Ол заңды түрде бекітілген валюталық паритет шеңберінде ауытқып отырады.Валюталық баға белгілеу түрі валютаның жағдайына, оның бағамының деңгейіне әсер етпейді, өйткені валюта бағамының мәні қалады,ал оның формасы өзгереді. Валюталық бағам, валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді.
Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар:
1) Саяси – саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат.
1) экономикалық – халықаралық тәжірибеде анықтелатын экономикалық тікбұрыштың шыңы ияқты; экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10% дейін), жұмыссыздықтың, төменгі деңгейі (8% дейін),дүниежүзілік нарықтағы тепетеңдік.
2) Психологиялық жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.
Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндірісінен қазіргі дүниежүзілік шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесін көрсетеді.
Валюталық бағам валюталық паритет шеңберінде ауытқиды. ХВҚ – ның Жарғысы бойынша 1978 жылдан бастап, валюталық паритет СДР немесе ЭКЮ – да валюталық “қоржын” базасында бакітілген.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | Ақша қаражаттарының есебінің аудиті

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің бекіткен нормативтік актілерге және басқа да заң актілерінің талаптарына сәйкес барлық шаруашылық жүргізуші шаруашылықтар өз ақша қаражаттарын оларға қызмет көрсететін банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтауға міндетгі. Шаруашылық күнделікті қажетін өтеу үшін қалдырылған ақша-қаражаттары, Үлттық банктің белгілеген көлемінде шаруашылықтың қассасында сақталуға. тйісті. Яғни, ақша қаражаттар деп шаруашылықтың кассасындағы және банктердегі шоттардағы нақты ақшасын айтамыз.
Бағдарламада тексеруді талап ететін мәсшгелер ретімен жазылып, тексеру барысында басшылыққа алынып, кездескен фактілерге байланысты толықтырылулар мен түзетулер енгізіліп отырылады.
Аудитор ақша қаражаттарының есебіне тексеру жүргізген кезде, құжаттары бойынша жүргізілетін жаппай тексеру әдісін қолдануға тиісті. Аудитор ақша қаражаттарының сақтау және заңды тұлғалармен есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының және шетелдердің банк мекемелерінде ұлттық және шетелдік валютада ашылған шрттарын анықгауға міндетті. Сондай-ақ, шаруашылықтың ішіндегі кассалардың санын да қоса анықтайды.
Шаруашылықтағы ақша-қаражаттарының есебінің тиімділігін арттырып, талапқа сай жүргізілуіне бірден-бір әсер ететін фактор - ол уақтылы жүргізілгең түгендеу. Аудитор түгендеудің материалдарымен танысып, оның нәтижесі бойынша жасалған актіде көрсетілген фактілерге назар аударып, олардың кейбіреулерін қағазға жазьш алып, тексеру барысында қайталануын бақылауға алады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | Ақша нарығы және валюталық биржалар

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып абылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жас-алынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға ай-налуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды, Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. "Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше^өмір сүретін тауар, ол ақша"'.
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне аүысаяы
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады (1 балта = 5 қүмыра, 1 қой = 1 қап бидай және ъб.).
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды. Ақша дегеніміз — тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша — тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | Ақша несие саясаты валюталық реттеу

Қайта құру жолындағы Республикамыздың, экономикалық дағдарыстан өте қиыншылық жолмен шыққанын өзіміз көріп отырмыз. Еліміздің халқымыздың әл-ауқаты қазір дұрысталып кележатыр. Бұл дағдарысты жоюға дағдарыспен күресуге банктеріміздің қосқан үлесі өте көп. Сол себептен орталық банктердің ақша-несие саясаты жайлы осы кіріспе сөзімде айта кетейін.
Орталық банктердің ақша-несие саясаты деп оның айналымынан аққша-массасын , несие көлемін пайыздық мөлшер деңгейі мен ақша айналымындағы және қарыз капитал нарығындағы басқа көрсеткіштерді өзгертуге бағытталған іс-шаралардың жиынтығын айтады. Ол саясаттың мақсаты ақша-несие саясаты несиеге және ақша эмиссиясына жағдай жасауға, ия оларды іркеуге және шектеуге (несиелік) бағытталады. Өндірістің дағдарысы және жұмыссыздықтың күшеюі жағдайында орталық банк несие беруді кеңейту және пайыз мөлшерін азайту арқылы өндірістің жандануына себемші болды. Керісінше экономикалық өрлеу кезінде кездесетін алыптастаушылық, бағаның өсуі үйлесімсіздіктің өрлеуі сияқты келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында орталық банк несиеге мен қою, пайыздық төлемді жоғарлату, төлем құралдарын шығаруды тежеу сол сияқты әрекеттермен шұғылданады.
Ел экономикасының жағдайы ақша-несие жүйесіне тығыз байланысты. Несие институттарының санына , несие ресурстары мен жүргізілетін операцияларының көлеміне қарай кез-келген мемлекеттің ақша-несие жүйесінің негізгі комерциялық банктер болып саналады. Оған дәлел, көптеген мемлекеттерде ақша-массасының 75%-бен 90%-ға дейінгісі банктік депозиттер, ал тек 25-10%-зы орталық банктің банкноталары. Сондықтан мемлекеттің ақша-несие аясын мемлекеттік реттеу қызметі тек орталық банк арқылы комерциялық банктердің масштабы мен олардың түрлеріне ықпал жасаумен ғана табысты бола алады.
Орталық банктің ақша-несие саясатының әдістері сан алуан, олардың ең көп тарағандары төмендігідей ;
- комерциялық банктерге берілетін несие пайыздық төлем
мөлшерін өзгерту;
- банктердің міндетті қорларының мөлшерін өзгерту;
- ашық нарықтағы операциялар, яғни векселдерді мемлекеттік
облегацияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып алу-сату операциялар;
- валюта курсының саясаты, немесе курстық саясат.
Бұл айтылған ақша-несиелік реттеу әдістері барлық комерциялық банктердің операцияларына және толық қарыз капиталының нарығына әсер ететіндіктен жалпы реттеу әдісі деп аталады.
Іріктен тексеру әдістеріне мыналыр жата ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы

Ақшаның адам өміріндегі орны қандай?
Ақша деген не?
Ақша – ол ерекше тауар, қоғамдағы эквивалент қызметін атқаратын және жалпыға бірдей балама, басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны.
Әрбір кәсіпкер өзінің жұмысында үнемі ақша бірлігімен қарым-қатынаста болады. Ақша тарихи категория, тауарлық өнім. Ол натуралдық шаруашылықтың тауарлық шаруашылыққа ауысу кезеңінде пайда болады. Осы ауысу кезеңінесебеп болған адамдардың шығарылған өнімдерінің артық болып, «айырбастау» процесінің шығуы. Айырбастау үшін өнім «тауарға» айналды. Сөйтіп натуралдық-өндірістік орнына тауарлы өндіріс келді.
Тарихи ақшаларға тауарлар жатады, бұл тауарлар күнделікті айырбастауда эквивалент болып келді: мал, тұз, шай, бидай, күріш, жүн, еңбек құралы, сәнді бұйымдар, бақалшақтар. Уақыт өте келе ақша қызметін металлдар атқарды.
Осы монеталардың пайда болуы –ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады. Металдар мыс, күміс, алтын түрінде болды. Орта ғасырларда қағаз ақша Қытайда алғашқы рет пайда болды.
Ақша бес түрлі қызмет атқарады:құн өлшемі, айналыс құралы, қор және жинау құралы, дүниежүзілік ақша.....
Курстық жұмыстар
Толық