Экономика | ӨСІҢКІЛІК ҚАТАРЛАР ТУРАЛЫ

Соңғы кезде өмір салтын, әлеуметтік қарым-қатынастың әр алуан саласын сипаттайтын және оның көрсеткішер жүйесін зерттейтін әлеуметтік статистика қалыптасты. Осы аталғандардың ішіндегі негізгі бір бөлігі болып саналатыны – статистиканың жалпы теориясы.
Қоғамдық құбылыстар мен процестер әрқашанда даму үстінде болады, сол себепті әрдайым өзгеріп отырады. Мысалы, халықтың саны мен онын, құрамы, өндірілген өнімнің көлемі, еңбек өнімділігі, орташа еңбекақы мөлшері және т.б. кәрсеткіштер уақытқа байланысты өзгермелі болады. Сондықтан статистиканың алдына қойған басты міндетгерінің бірі -республика өміріндегі құбылыстар мен процестердің уақытқа сәйкес өзгеруін зерттеу болып табылады. Оны динамикалық қатарлардың көрсеткіштеріне талдау жасау арқылы жүзеге асырылады.
Әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың динамикасын зерттеу, талдау барысында бірнеше статисгикалық, көрсеткіштер колданылады. Олардың көпшілігі нақты (абсолюттік) немесе қатысты шамамен беріледі және осы көрсеткіштер арқылы белгілі бір уақыт аралығында болған жағдайларға қорытынды жасауға толық мүмкіндік туады.
Мақсаты: ЖШС "ГолдПродукт" біріккен кәсіпорнының жағдайын, берілген мәліметтер бойынша өзгеруін (динамикасын) динамикалық қатардың әдістерін қолдану негізінде талдау жасау. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР салық жүйесінің жағдайы

Салық жүйесінің мазмұнын айқындау үшін салық жүйелерінің қалыптасу мәселелерін қарастырудың әртүрлі тәсілдерін салыстыру қажет. Көптеген авторлар салық салудың функционалды құрамын салық жүйелерінің концептуалды модельдерінде ашады. Салық жүйелерінің концептуалды модельдерінің маңызды сипаттамалар салық салудың мәселелерін шешудегі үш әртүрлі бағыттарын бөлуге мүмкіндік беріп отыр. Нарық экономикасына мемлекеттік араласуына қатынасын анықтайтын әлеуметтік-экономикалық процесстерін реттеу критериясына сәйкес бірігей тәсіл ретінде неоклассикалық бағыттағы өкілдері ұсынатын салық жүйесін құрудағы нарықтық өзін-өзі реттеу принциптерін біріктіруге болады. Екінші тәсіл нарық экономикасының қызмет етуінің негізгі параметрлерін мемлекеттік реттеу приоритетіне негізделеді. Дәстүрлі тәсілдерінің негізгі кемшілігі мемлекеттің рөлін біржақты талдауына бағытталуы болып табылады. Жиырмасыншы жүзжылдығының 90-жылдарының басынан бастап экономикалық және әкімшілік ықпал ету механизмінің бірігуіне негізделген тұрақты дамуының теориясы дами бастады. Мұндай ұтымды өзарақатынасын іздеуі салықтық аясын реттеудің жетілдірудің негізгі міндеттерінінің бірі болып табылады. Бұл міндет техникалық және ұйымдастыру жағынан да өте күрделі болып келеді, себебі бір жағынан, әлеуметтік және экономикалық бағдармалар мен жобаларды мемлекеттік қаржыландыру мен инвестициялауды ұлғайтудың объективті қажеттілігі бар, ал екінші жағынан- табыстарының көздерінің шектеулігі орын табады.
Салық салудың мәселелерін шешудегі дамуының бағыттарын бөлу критериясына сәйкес салық жүйелерінің функционалдық көлемділігін анықтауына маңызды мән берілген. Тауар-ақша қатынастарының дамыған сайын салық жүйесінің функцияларының құрылымы мен олардың өзара қатынасы өзгерді. Неоклассикалық өкілдерінің көзқарастарының негізінде салықтардың роліне мемлекеттік бюджеттің табыс көзі ретіндегі мәні жатады. Яғни мемлекеттік қазынаның қажеттіліктерін қанағаттандыру немесе фискалдық функцияның орындалуы қарастырылады. Ал неокейнсиандық бағытының өкілдерімемлекеттік реттеудің макроэкономикалық бағытын негіздеді және ұдайы өндіріс процессінде салықтардың рөлі мен функциялары туралы ойларды дамытты. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Кәсіпорынның қаржылық қоры

Кәсіпорынның қаржылық қорын бағалау, оның тұрақтылыққа жету жолдарын, экономикалық тиімділікті де анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын жұмысының қаржылық қорынының жағдайын бағалау адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті зандылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Кәсіпорынның айналым қоры

Экономикалық білім негіздері- қазіргі экономикалық жүйелер мен шаруашылық жүргізудің әр түрлі әдістері, сонымен бірге қоғам дамуы мен оның мүшелерін ынталандыру, адамзат өркендеуіндегі әлеуметтік қорғау жағдайларына талдау жасайды, зерттеп үйретеді.
Ал жастардың экономикалық білім негіздерін меңгеруі мыналардың мән-мағынасын түсінуге жәрдемдеседі:
 Нарықты экономикада тұтынушы, онымен бірге өндіруші, жұмысшыларды жалдаушы және сол жұмысқа жалданушы қандай міндеттер атқарады.
 Нарықты экономикада тұтынушы, сонымен бірге өндіруші, не өндіру керек, қалай өндіру керек, өндіргенді кім пайдаланатыны туралы кім және қандай шешім қабылдайды.
 Экономикадағы мемлекеттің атқаратын міндеті, оның экономикалық өмірдегі орны және бұл қатынастың тиімділігі.
 Жұмыссыздықтардың пайда болуы мен түрлері, олардың инфляциямен байланысы, экономикалық өрлеудің проблемалары.
Экономикалық білім негіздері- бұл адам өзі үшін өзінің от басы және бірлесіп істеп жүрген жұмыскерлер үшін тапшы, нарықты экономика деп- экономикалық шешімді орталықтан емес жергілікті тауар өндірушілердің шешімі қабылдайтын экономиканы айтады. Нарықты экономикалық жұмыс істеу негізі нарық арқылы болады. Нарық туралы әртүрлі түсініктемелер бар, олардың барлығы мына жағдайларға тіреледі: ол шаруашылық жүргізетін субъектілердің өз бетімен дербес шешім қабылдайтын өзара қарым-қатынастары ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қант ААҚ жұмысын жоспарлау

Қазақстан экономикасында маркетингті қолданудың ерекшеліктері мен серпіні және экономикалық субьектілердің қоршаған орта факторларының қағидаларын пайдалану барысына ықпал ету сипаты көбіне өтпелі кезең жағдайына орай анықталады.Қазақстанда маркетинг ғылым бағыты, шаруа-шылық қызмет аумағы және өндірістік-өткізу қызметін ретінде республика-ның нарықтық қатынастарға өтуінен бастап қалыптасты.
Нарықтық қатынастар экономикалық дамуды жетілдірудің үлкен по-тенциалын өзінде жасырады.Бұл нарықта шаруашылық етуші субьектілерді жеке кәсіпкерлік қызметіне шексіз бостандық беруіне байланысты.Жоғары тиімді жұмысқа барлық өсуші өлшемдерде табыстарды немесе пайданы алуға нақты мүмкіндіктер себепші болады.Ең үлкен пайданы алуға ұмтылу кәсіп-керлерді нарықты зерттеуге және сұраныс бар салаларға өз ақшаларын және еңбектерін салуға мәжбүрлейді.
Қазіргі жағдайда көптеген ірі және орта кәсіпорындарда, сондай-ақ банктерде маркетинг қызметі,ал олардың кейбіреуінде департаменттер іс-әрекет етеді.Бұлардағы маркетинг бөлімдерін ұйымдастырудың нақты сызба-лары мен түрлері әр түрлі болуы мүмкін,бірақ олар:нарықты маркетингтік зерттеу,сұраныс жағдайын,тауарлық өткізу,баға және коммуникация ұйым-дастыру сияқты жалпы міндеттерге негізделеді.
Еліміздегі көптеген компаниялар маркетингті жоспарлаумен шұғыл-данбайды.Шағын фирмалардың менеджерлері тек ірі корпорациялар ғана маркетингті жоспарлаумен айналысады деп есептейді.Қазақстандық компа-ниялардың кейбір мамандары нарық өте жылдам өзгереді,сондықтан оны жоспарлау қажет емес деген көзқараста.Мұндай тұжырым қате,жоспарлауды қолданатын компаниялардың жеткен жетістіктеріне көз жүгіртсек,жоспарлау қажет екендігі айқын аңғарылады.Нарықтағы қарқынды өзгерістер шын мә-нінде жоспарлау барысын қиындатады,алайда фирма басшылығына өзгеріс-терді болжауға,оларға әрі қарай қимыл-әрекет жасауға тек мұқият жоспарлау ғана көмегін тигізеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Аудит негізгі құрал ретінде

Қазақстан Республикасының егемендік алып, нарықтық экономикаға көшуі қоғамдық өмірдің барлық жағынан өзгеруіне әкелді. Елде кәсіпкерлік қызметтегі әртүрлі субъектілердің ара қатынастарын реттейтін жаңа экономикалық институттар туындау қажеттігі пайда болды. Оның ішінде аудиторлық институтқа деген қажеттілік өзгеше болды. Оның басты мақсаты – бухгалтерлік және салықтық есептілікте көрсетілетін ақпараттардың шынайылығын бақылауды қамтамасыз ету. Ақша-қаражаттарын қолдану бойынша, заңды объектілерде сауда операциялары мен инвестицияларды жүзеге асыру бойынша мәліметтер тәуелсіз аудитор көмегімен объективті түрде расталады.
Аудитті бірнеше бөлімге бөліп қарастыруға болады. Соның ішінде бүгінгі қарастырылып отырылмақшысы «Негізгі құралдар аудиті».
Негізгі құралдар дегеніміз - өндіріс үрдісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. Бұл кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметіне материалдық –техникалық негіздер мен жағдайлар қалыптастыратын құралдар болып табылады. Оның ішінде, әсіресе: машина жасау, автомобиль жасау, электроэнергияны өңдеу және тарату, жүк тасымалдау сияқты қорсыйымды өндірістегі негізгі құралдар өте маңызды болып келеді.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің ең басты сұрақтарының шешімі негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін жүргізудің дұрыс таңдалған әдістемесі және нормативтік-құқықтық құжаттардың сақталуы арқылы жүзеге асады. ....
Курстық жұмыстар
Толық