Қазақ әдебиеті | М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы

І. Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Курстық жұмыстың негізгі мақсаты қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы асқар белі– Абай болса, ХХ
ғасырдағы заңғар биігі – Мұхтар әуезовтің өмірі мен шығармашылығына жалпы сипат беру.
М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы — бүкіл совет әдебиетінің аса көрнекті шығармасы. Романның идеялық-көркемдік
биік жетістігін жер жүзінің прогресшіл әдебиет, өнер қайраткерлері жоғары бағалады. Орыс совет жазушысы К. Федин «Ұлт туралы толық, та тұтас түсінікті бізге жазушының өнері береді... Мұхтар Әуезов өзінің «Абайымен» менің қазақ халқы туралы түсінігімді толықтырады, мен енді ғана хош иісті са¬мал өскен даланың жұпар ауасын жұтып, қазақ, болып кеткен тәріздімін...»— деп жазды. Француз жазушысы Л. Арагонның,: «Эпикалық, «Абай» романы... XX ғасырдағы ең мәнді романдардың бірі»— деген сөздері демократиялық бағыттағы шетел жазушыларының ортақ, лебізі болып естіледі. Бұл пікірлер роман қазақ, совет әдебиетінің зор жетістігі болғанын айғақтайды. Қараңғы ауылдағы әлі де шырышы бұзылмаған ескілікті, алуан түрлі әділетсіздіктерді көріп, білімі тайыз, саяси тәжірибесі шағын жас ақынның аз уақыт жете түсіне алмай, толғанған, тосырқаған, тіпті кейде: «Бұл қалай?» - деп күдер үзіп, торыққан да жайлары болады. Бұл ретте сол кездегі ұлтшыл интеллигенцияның да азын – аулақ әсері болуы ғажап емес. Бірақ ондай сезімдер мен әсерлерден ойшыл ақын, қайтадан өзінің бастапқы сарқылмас қайрат, талабына мінеді, мойымас мықты сенімінен енді еш қайтпайды.....
Курстық жұмыстар
Толық