Экономика | ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

КІРІСПЕ
Экономика қоғам дамуының негізі, ал мемлекет сол қоғмның негізгі буыны болып табылады. Өз кезегінде мемлекет экономиканы реттеуді жүзеге асырады. Экономиканы ретеу қоғамдық даму мен мемлекеттің экономикалық сипатына байланысты әр түрлі деңгейде және әр түрлі әдістер қолданылады. Экономиканы мемлкеттік реттеуде мемлекеттің рөлі оның экономикалық процестерді реттей алатын қабілеті экономика мен саясатың байланыстыратын экономикалық саясаттың жасалуына тәуелді болады. Экономикалық саясат дегеніміз экономикалық реттеудің шоғырланған мағынасын береді. Экономикалық заңдардың дамуын адамзат қоғамы саясатты қолдану арқылы жүзеге асырады. Мемлекет қоғамның жемісі болып табылады және ол ылғи да рететуді қажет етеді.
Қазақстан Рсепубликасының өз егемендігін алып, жаңадан анрықтық қатынастарға өтіп, дамудың нарықтық жолына түсуіне байланысты елдегі мемлекеттік ретттеудің мақсаты мен бағыттары өзгеріп, экономиканы мемлекеттік рететудің жаңа формалары мен әдістерін дамытудың қажеттігі туындады. Атап айтқанда, бастапқы жылдары елдің тұрақтылығын қамтамасыз ету, мемлекеттік меншікті жекешелендіру, әлеуметтік саланы қолдау, экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып табылатын.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯДАҒЫ АҚША

Кіріспе
Ақшаның құн түрінің дамуы мынаны куәландыруды: ақша бұл техникалық айырбастау құралы емес, ол жалпылама эквиваленттік (балама) роль атқаратын тауар. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді.
Әр түрлі құн теориясы бар. Олардың бірі — еңбекті теориясы, қоғамдық абстракты еңбекпен ұстау және тауар құны мөлшерін анықтайды, өндірістеріне жұмсалғанына.
Ақшаның бірінші қызметі—құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады. Осы қызметті ойша нағыз ақшалар атқарады. Кез келген тауардыңқұнын ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымның әсерінен құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да және сұраным мен ұсынымнан да тәуелді. Тауардың айырбасталу кезеңінде құнның көрінісі төмендегідей түрге ие болады: алғашқысы жай немесе кездейсоқ, ол алғашқы қауымдық қоғамда бірінші ең ірі еңбек бөлінісінен соң, жалпы алғашқы қауым тайпасынан малшылар тайпасының бөлінуі арқылы пайда болды. Бір тайпалар малмен айналысса, ал екіншілері – жермен айналысты, сөйтіп өнімді айырбастау үшін экономикалық негіз пайда бола бастады. Мұндай айырбас алғашқыда кездейсоқ, бірегей сипатқа ие болды: (1 қойға = 1 қап астық) эквивалент......
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Тауар нарығындағы тепе-теңдік

Кіріспе
Бүгінгі таңда нарықтық тепе-теңдік микроэкономика саласында елеулі орын алуда. Осы күндері сұраныс пен ұсыныс арасындағы өзгешеліктер өзекті мәселенің біріне айналуда. Сондықтан да осыншама кең ауқымды мәселені түсіну үшін, оның теориялық және практикалық негіздемелерін біліп, түсіну қажет.
Бұл еңбек 2 негізгі бөлімнен тұрады:
I Сұраныс және ұсыныс негіздері
Бұл бөлімде нарықтық тепе-теңдікке әсер ететін, оны құрайтын және анықтайтын факторлар: ұсыныс пен сұраныс негіздері қарастырылған.
II Мемлекеттің нарықтық тепе-теңдікке әсері атты бөлімде мемлекеттің нарықтық тепе-теңдікке, жалпы дотация және салық енгізудің түрінде ықпалы көрсетілген.
Еңбекті жазу барысында микроэкономика саласының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдардың еңбектері қолданылды. Соның ішінде, Симкина Р.А, Корнейчук , Нуреев, Емцов, Гребенников, сонымен қатар, Хайман, Р. Пиндайк, Д. Рубинфельд, Мұхамедиев, Мамыров.
Нарық (market) жүйедегі тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы еркін және бір тауардың бағасы бір мезетте тепе-теңдік жағдайына келе алатын қатынастарды көрсетеді.
Нарық – біріншіден, өндірушілер мен тұтынушылар кездесетін орын.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Меншiк капитал туралы түсiнiк

Кіріспе.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы қүрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады. Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған , қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады: жарғылық капитал, резервтік капитал және бөлінбеген пайда.Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық кұжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Мемлекеттің ақша-несие саясаты

Кіріспе
Ақша-несие саясаты дегеніміз – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Қазақстан Республикасының Ел басының елге жолдаған жолдауында ақша-несие саясаты туралы былай мәлімдеген.
Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банкпен Үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар.
Ақша – несие саясатының келесі міндеті – қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру. Осы орайда Ұлттық қор маңызды роль атқаруға тиіс , Үкімет қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құралуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс деп санаймын.
1 тару. Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары, мақсаты.
1.1. Ақша-несие саясаты және оның мақсаттары
Ақша-несие саясатының негізінде ақша мен ақша несие саясатының экономикаға әсер ету процесін зерттейтін ақша теориясы жатыр.
Мемлекеттің ақша-несие саясаты экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде қарастырылады.
Мемлекеттің ақша-несие саясатының ең басты мақсаты - баға тұрақтылығын, тиімді еңбекпен қамтамасыз ету мен жалпы ұлттық өнімнің нақты көлемінің өсуін қамтамасыз ету. Бұл мақсат ұзақ уақытта жүзеге асатын жылдарға созылатын және нарықтық конъюнктураның өзгерісін тез сезіне бермейтін ақша-несие саясаты шеңберінде жүзеге асырылатын шаралар арқылы жүргізіледі. Осыған байланысты ағымды ақша-несие саясаты ірі тапсырмаларға қарағанда нақты және мүмкін мақсаттарға бағытталады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Мемлекеттік басқару дағдарысы

Кіріспе
Мемлекеттік басқару дағдарысы- мемлекеттік басқару құрылымының тұрақсыздануымен, саяси институттардың ықпалының теңгермелуімен, саяси қақтығыстардың ұшығуымен, көпшіліктің белсенділігінің артуымен сипатталатын қоғамның саяси жүйесінің өркендеуі мен қызмет көрсетуінің ерекше өзгерген түрі.
Мемлекеттік басқарудағы дағдарыстың негізгі белгілері болып мыналар табылады.
- саяси және әлеуметтік қақтығыстардың ұшығуы, оның ашық саяси сипат алуы немесе талап пен сұраныс билік құрылысының саяси бағытын, басқарудың стратегиясы мен әдістерін өзгертуге бағытталады.
- Қақтығыстардың өсуін мемлекеттік биліктің басқара алмауы, саяси-экономикалық процесстер мен дәстүрлі әдістердің қатынастарын реттеу мемлекеттің ішкі және сыртқы саясат “зигзаг” түрінде көрінеді.
- Басқарудың құрылымдық-функционалдық жүйесінің және саяси билік институттарының теңестірілмеуі, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастың үзілуі, мемлекеттік биліктің легитимділігінің жойылуы, қоғамның саяси қауіпті және ұшыққан күйі.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қоғамдық өндірісті ұйымдастыру

Қазіргі қоғамның экономикалық өмірінің шындығы кәсіпорындарда шығарылған өнімдер жоспарлы түрде тауар формасына айналуында. Қазіргі шынайы өмір фактілері адамзат қоғамының бүгінгі тағдыры экономикалық өмірінде әрі қарайғы даму жолын айқындау үшін теориялық түрғыдан ой елегінен өткізілуі қажет. Саяси жүйеге,мемлекет құрлысына тәуелді емес әр түрлі қоғамдық өндіріс формалары бар екенін көрсетіп отыр. Оқулықтарда және ғылыми әдебиеттерде адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндірістің екі ғана формасы натуралдық және тауарлы өндіріс болған және солай болуда деген пікір терең тамыр жайған. Қоғамдық өндірістің жалпыға танылған формаларымен қатар әдебиеттерде тікелей қоғамдық өндіріс, сондай-ақ жоспарлы шаруашылықтар туралы да айтылады. Натуралдық шаруашылық түсінігіне жеке тұтынуға қажетті өнімді өз қолымен жасау жатады. Ол өндіргіш күштердің әлсіз дамуымен, өндірілген өнімді қосымша еңбек үлесінің жоғары еместігімен сипатталады. Еңбектің қандай түріне болсын жеке меншік немесе қоғамдық, жеке немесе бірлескен еңбекке негізделсе, натуралдық шаруашылық артық өніммен өзара айырбас жүргізбейді. Натуралдық өндірістің айқын сипатына оның бөлшек түрдегі, шаруашылық өмірдің тұйықталушылығы жатады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қаржыны басқаруды ұйымдастыру

КІРІСПЕ
Баскару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті зандылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
Қаржыны басқару — бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстанның сақтандыру нарығы

Кiрiсiпе
Қазақстанның сақтандыру нарығы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы, сақтандырылушы – клиенттердің төлем қабілеттілігі, сақтандыру заңнамасының жағдайы және ондағы мемлекеттік реттеудің тиімділігі сияқты тенденциялардың жиынтығымен сипатталады.
Сақтандыру рыногын дамытудың негiзгі мiндетi - қазiргi заманғы ұлттық сақтандыру индустриясын қалыптастыру, сақтандыруды шаруашылық субъектілерiнiң мүдделерiн және халықты әртүрлі тәуекелдерден қорғаудың тиімді тетігі және ұзақ мерзiмдi iшкi инвестициялар ретiнде белсендi пайдалану.
Марк Твеннен бақытсыздықты болжайтын балгерлерден қорқасыз ба деп сұрағанда, жазушы «өзіне сенімді екенін, өзінің өмірі сақтандырылғанын, әрі сақтандыру компаниялары маған өлуге жол бермейді» деп жауап береді.
Бұл - әрине, ұлы адамның әзілі. Бірақ та шындығында, қаржы нарығында заңды және жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау бойынша азаматгық-құқықтық қатынастар жүйесіне, олардың өмірі мен денсаулығына, ақша қорланымдарына жәй ғана емес, аса стратегиялық рөл беріледі.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстандағы тұтыну бағалары

Кіріспе.
Нарықтық жағдайда өндірістік өнімнің өсу қарқыны халықтың жалпы сұранысымен тығыз байланысты. Егер өндірілген өнімдер ұтымды бағамен сатылып жатса, онда осындай тауарларды өндіруге деген ынта арта түседі. Сондықтан, тұтынушылардың сұраныстардың зерттеп, олардың қандай заттарды сатып алғысы келетінін жеке қандай бағамен алғысы келетінін дер кезде анықтаудың зор маңызы бар. Тұтынушылардың нарықтық ортадағы іс - әрекеттері «микроэконмиканың» тұтынушылар талғамы атты тарауында зерттеледі.
Тұтынушылар талғамын зерттеу үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде тұтынушылардың көптеген тауарлар құрамының ішінен өзіне қалаулысын қандай принциппен таңдау керектігі жөнінде мәліметтер келтіріледі. Осы тұрғыда егер А,В,С тауарлар құрамы берілген болса, олардың ең жақсысын таңдау әр адамның кейбір ерекшеліктеріне байланысты болады. Сондықтан оны тұтынушылар қалауын анықтау кезеңі деп атаймыз.....
Курстық жұмыстар
Толық