Саясаттану | Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясаты

КІРІСПЕ
Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі мен деңгейі көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы кезеңдерге белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық шараларға байланысты. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік экономикалық саясат – макроэкономикалық, салық және аймақтақ деңгейлерде құрылымдық саясатты қалыптастыру негізгі болып отыр.
Макроэкономикалық тұрғыдан алғанда құрылымдық саясатты қалыптастыру негізіне өзара тиімді қатынастарды қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар мәселелер жатады. Олар: қоғамдық өнім өндіру бөлімшелері арасындағы, аралық және дайын өнім, өнеркәсіптегі өндіріс құралдарының өндірісі, ұлттық табыстағы тұтыну қоры мен қор жинау, өндірістік және өндірістік емес күрделі қаржы жұмсау, құрылыс-монтаж жұмыстары мен өндіріс жабдықтарына шығын жұмсау араларындағы қатынастар. Олардың негізінде тиімділікке қол жеткізу дегеніміз – қоғамның табиғи шикізат, материалдық-техникалық және интелектуалдық қорларын қолдана отырып, халықтың материалдық және мәдени қажеттіліктерін, жақсы тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету. Макроэкономикалық салада оңтайландыру ісі халық шаруашылығының салалық құрылымына да әсер етеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Қазастан мен Туркия арасындағы қарым-қатынас

Кіріспе
Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздігін алған кезде нарықтық экономикаға көшу, сыртқы сауданы дамыту, шетелдік капитал, технология және ноу-хауды тарту арқылы нарықтық ашық экономикан ыжүзеге асыру үшін, әрине әріптестерге мұқтаж болды. Осы кезде Қазақстанмен халықаралық қатынастарды бастаған бірінші мемлекет Туркия болды, сонымен қатар Туркия Қазақстанды егемен ел ретінде алғаш тапныған мемлекет. Қазақстан Республикасы өзінің тұңғыш елшілігін Туркия мемлекетінің көмегімен 1992 жылы 29 қазанда Анкарада ашты. Екі жақты қатынастарды одан әрі дамыту үшін, екі елдің елбасылары әсіресе Қазақстанның тәуелсіздігінің алғашқы уақыттарында бір-бірімен тығыз байланыста болды.
Елбасылары, Премьерлер және Министрлердің 1992 жылдан кейінгі өзара сапарлары Туркия мен Қазақстан арасындағы қатынастардың және ынтымақтастықтың сапасын көрсетеді.
1991 жылдан бастап Түрік қазақтары мен Қазақстан Республикасы арасында тығыз жан-жақты байланыстар дамып келеді. Туркияда тұратын қазақтар үшін соңғы кездегі маңызды оқиғалардың бірі 1997 жылғы 28-29 наурызда өткен Кіші Құрылтай болды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Қазақстан Республикасы ақша-несие саясаты

Кіріспе.
Қазақстан Республикасы таяу болашақта әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарынан орын алуды мақсат етіп отырғаны белгілі. Ал осы межеге жету едәуір дәрежеде ақша-несие саясатының тұрақтылығына байланысты.
Еліміздегі ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган ретінде Қазақстан Ұлттық банкісінің алдына Елбасымыз үстіміздегі жылдың қаңтарының 19-дағы өз жолдауында келесі міндеттерді қояды:
- инфляция қарқынының бәсеңдету және инфляцияның өсуінің теріс салдарларын азайту үшін нақты айырбас бағамының тиісті икемділігін қолдауға және сонымен бірге экономикалық өсуді ынталандыру;
- ең төменгі резервтік талаптарды есептеу әдістемесін жетілдіру.
Ақша-несие саясаты елдегі қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономикалық нақты секторды банктердің несиелеуінің әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады.....
Курстық жұмыстар
Толық