Егеменді елім

Мектепалды даярлық тобы
Егеменді елім менің
Армысыздар ата-аналар және тәрбиешілер!
Бүкіл қазақ елінде тойланып жатқан Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерекесімен құттықтаймыз!
Бүгінгі «Егеменді елім менің» атты мерекелік іс-шарамызға хош келдіңіздер!
Бүгініг ертеңгілігімізді ашып беру үшін сөзді балабақша меңгерушісі Ұ. Аширбековаға береміз.

Жүргізуші:
Ғасырлар бойы азаттықты аңсаған ата-бабаларымыздың тағдыры ауыр болған. Талай зорлық-зомбылықты, алапат қырғынды басынан кешірді, іргелі ел болуды аңсады. Бұл күнде егеменді ел болдық. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті көк туын желбіретіп, өзінің тарихи таңдауын жасады. Н. Ә. Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті болып тағайындалды.
Ел халқының елбасына айналып
Шықтың қайта төр басына сайланып
Тәуекел деп абройға сүйенген
Қазағыма жетер дейсің қай халық
Көре алмайтын дұшпандарым күйінсін
Ардақтаған адал достар сүйсінсін
Тұғырына қайта қонды елбасым
Желбіретіп Тәуелсіздік жалауын .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық