Ақпараттық жүйе | Кітапхана

Курстық жобада қарастырылған деректер базасымен ақпараттық жүйелерді қолдану барған сайын қазіргі замандағы адамның іс-әрекеті ілгері жылжып келе жатқан ұйымның ажырамас құрамдас бөлігіне айналуда. Осы себептен тиісті технологиялар мен бағдарламалық өнімдерді құру мен тиімді қолданудың принциптерін игеру ісі үлкен өзектілікке ие болуда. Ақпарат деп дәстүр бойынша адамдар ауызша, жазбаша не болмаса өзге әдіс арқылы беретін мәліметтер аталады. Ақпараттық жүйе (АЖ) ақпаратты алу мен жинақтауға, оны кез келген мақсатта тиімді пайдалануға арналған. Ақпаратты өңдеуден өткізу ісін жеңілдету мақсатында ақпараттық жүйелер (АЖ) қолданылады. Автоматтандырылған АЖ деп өздерінде техникалық құралдар, атап айтқанда ЭЕМ қолданылатын АЖ атайды. Қолданыстағы АЖ-дың көпшілігі автоматтадырылған болып табылады, сол себептен оларды қысқартып жай ғана АЖ деп атайтын боламыз.

Ақпараттық жүйелердің автоматтандырылуы есептеу техникасының көмегімен жүзеге асырылады. Бұл ретте ақпарат ЭЕМ жадында сақталатын деректер түрінде ұсынылады. Соған сәйкес, Ақпаратты жобалау кезінде бір жағынан, жүйеде қандай мәліметтер және қандай мақсатпен сақталып жататындығы туралы мәліметтер, ал екінші жағынан – тиісті деректер ЭЕМ-нің жадында қалайша ұйымдастырылып, АЖ пайдалану кезінде оларға қалайша қолдау көрсетіліп, және өңдеуден өткізіледі деген міселе шешіледі. Кеңірек түсінгенде АЖ анықтамасы ретінде ақпаратты өңдеуден өткізудің кезкелген жүйесін түсінуге болады. Қолдану саласы бойынша өндірісте, білім беру саласында, денсаулық сақтауда, ғылымда әскери істе, әлеуметтік салада және өзге салаларда қолданылтын жүйелерге бөлуге блады.
Білім беру саласы бойынша АЖ-лердің екі тобын айырады: ақпараттық іздестіру жүйелері мен деректерді өңдеуден өткізу жуйелері.
Ақпаратты іздестіру жүйелері, әдетте, қайсыбір іздеу жүйелерін қанағатандыратын, сақталатын мәліметтердің ішкі жиынын алуға бағытталған.
Пайдаланушылардың деректерді өңдеуден өткізу жүйелерін қолдануы көбінесеақпараттың жаңартылуын тудырады; ақпарат шығарылмауы мүмкін не болмаса ол мәліметтердің өздерін емес, сақталып жатқан мәліметтерді бағдарламалық өңдеуден өткізудің нәтижесі болып табылуы мүмкін. Деректерді өңдеуден өткізу мысалы ретінде қаланың жинақ банкісінің АЖ –сін алуға болады.

Ақпараттық жүйелерді фактографиялық пен құжаттық деп екіге бөлуге болады. Фактографиялық жүйелер заттық саланың объектілері жөніндегі мәліметтерді сақтайды. Және әрбір объекті жөнінде, мысалы

қызметкер туралы мәліметтер жүйеге көптеген дерек көздер мен әртүрлі құжаттардан келіп түсуі мүмкін. ЭЕМ жадында осы мәліметтерді орналастырған кезде олар түрлендіріліп, жазблар түрінді сақталады.Құжаттық жүйеде сақтау объектісі болып құжаттар табылады, себебі сол құжаттар жинақталып өңдеуден өткізіледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық