Күздің алғашқы күні (1 Қыркүйек – Білім күні)

Тақырыбы: Күздің алғашқы күні 1 Қыркүйек – Білім күні.

1. Жүргізуші: Қымбатты балалар. Құрметті ата – аналар мен ұжымдастар. Бүгінгі күн бәрімізге өте ерекше күн, алғашқы қоңырау соғылып, білімнің жаңа оқу жылы басталды. Алғашқы білім күні құтты болсын!

2. Жүргізуші: Балалар жадыраған жаз да аяқталып, жомарт күз келді. Бүгін күздің алғашқы күні 1 - қыркүйек. Бұл ата - аналар үшін де, балалар үшін де, тәрбиеші үшін өте қуанышты күндердің бірі. Жаз бойы демалған оқушылар үлкен сағынышпен мектептеріне оралып жатса, сендер де өз жастарыңа лайықты білім алып, тәрбие алып жүрсіңдер. Білімге талпынған балапандар қанаттарың қатая берсін! Білім күні құтты болсын!

1. Жүргізуші: Бүгінгі білім күні мерекесімен құттықтау сөзді «Толағай» балабақшасының менгерушісі: Усенова Зәуреш Орунбасарқызына беріледі.

Жаңа білім күніңмен!
Білім күні – мереке,
Ән салсамда әдемі.
Туған тілім – береке,
Сөз арнасам кәделі!......
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

1 Қыркүйек - Білім күні (Сиқырлы пойыз)

Сабақтың тақырыбы: 1-Қыркүйек - Білім күні (Сиқырлы пойыз)

Жүргізуші: Балалар, сендерді қайта көргеніме өте қуаныштымын. Сендер күнге күйіп, бойларың өскен. Қараңдаршы, біздің балабақшада жаңадан келген балалар бар. Сендер жақсы дос боласыңдар деп ойлаймын. Қане, бір - бірімізге қол бұлғап «Сәлем» деп амандасайық. Бүгін қандай мейрам екенін білесіңдер ме? Иә, Білім күні. Бұл күні балалар мектепке ағылады. Бұл күні балабақша да жаз мезгілінен соң өз балаларын қарсы алады. Ал сендер балабақшаны, мерекелерді сағындыңдар ма?
Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтап, осы күнді есте қалатындай етіп өткізейік. Бұл күні жаңа оқу жылы басталады. Осы жыл ең қызықты болсын және сендердің білімдерің толысып, жаңа нәрселерді танып білулеріңе тілектеспіз.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Күзге ере келген 1 қыркүйек құтты болсын!

Жымыңдап күз келді,
Күліңіз сіз де енді.
Бірінші қыркүйек
Қарсы алшы біздерді!



Кеше ғана жадыраған жазды құшақ жая қарсы алып, мәз-майрам боп едік. Бүгін жаз да қол бұлғап, есіктен қимай-қимай қарап тұр...

Күз бір өзі келген жоқ. Білім күнін ерте....
kz
Толық