Информатика | Аптека жұмысының мәліметтер қорын құру

Мәліметтер қоры кейбір қолданбалы ақпараттық жүйеде қолданылатын деректерді қамтиды. Мәліметтер қорының негізгі модульдері келесі түрде болады:
• Иерархиялық модульге деректер бұтақ тәріздес құрылым түрінде беріледі.Деректердің осындай ұйымы иерархиялық реттелген ақпараттармен жұмыс жасағанда ыңғайлы.
• Желілік модульге деректер ерікті граф түрінде беріледі. Желілік модульдің кемшілігі болып, құрылымының қаттылығы және оны ұйымдастырудың қиындығы болып табылады.
• Объектілі – бағытталған модульге мәліметтер қорының жазбасы объект түрінде беріледі. Объектілі – бағытталған модуль желілік және реляциялық модульдер ерекшеліктерін қамтып, күрделі базалар құруда пайдаланылады.
• Реляциялық модульге деректер кесте түрінде беріледі.Деректердің мұндай түрінде ақпараттармен жұиыс жасау ыңғайлы.
Қазіргі заманға сай ақпараттық жүйеге мыналар жатады:
 Есептеуіш жүйе
 Бір немесе бірнеше мәліметтер қоры
 Мәліметтер қорын басқару жүйесі
 Қолданбалы программалар жиынтығы
Мәліметтер қоры – арнайы орталықтандырылған программалық басқарудағы және анықталған бір қолдану саласына қатысты және белгілі бір құрылымға келтірілген мәліметтер жиынтығы.Мәліметтер қорының ерекшелігі ол базада мәліметтердің өздерінің сипаттамаларымен бірге орналасуында.бұл өте тиімді. Себебі, алғашқыда мәліметтердің сипаттамалары қолданбалы программаларда ғана белгіленеді. Сондықтан бір өзгеріс енігізу үшін құрылған программаларда өзгерістер енгізу қажеттілігі туындайды. Тағы бір айта кететін ерекшелік мәліметтер базасынан ақпараттарды іріктеуде жай бір файлға ақпаратты іздеу оның нақты мәнін және файлдағы физикалық форматты анықтайтын терминдерді талдау арқылы ғана жүзеге асырылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық