DataLife Engine / Биология | Андрогамондар

Биология | Андрогамондар

Андрогамондар (андрогамоны); (androgamonum; гр. апеr — еркек; гр. gamonum — гормон тәрізді зат) — ұрықтану процесі кезінде сперматозоидтар бөлетін арнайы зат. Сперматозоидтар екі түрлі андрогамондар бөледі. I андрогамондар сперматозидтардың қимылын тоқтатады, ал II андрогамондарды лизин (еріткіш зат) деп атайды. Лизин табиғаты жағынан гиалуронидаза ферментіне ұқсас , яғни ол жұмыртқа жасушасының сыртқы көпқабатты фолликулалы қабығының фолликулалы жасушалары араларындағы желімдегіш зат — гиалурон қышқылын (мукополисахарид) суйылтып ерітіл, фолликул жасушалары арасымен сперматозоидтардың жұмыртқа жасушасы — овоцит цитоплазмасына өтуіне, сөйтіп, ұрықтану процесі нің жүруіне мүмкіндік береді
19.10.2018
Вернуться назад